Байланысқа арналған телефондар:
» » "Ұшатын журналистер" көбейіп барады

"Ұшатын журналистер" көбейіп барады

14 ноябрь 2019, Четверг
3 027
0



Құрметті Ақпарат министрлігі,
Әділет министрлігі,
Құқық қорғау органдары,
Журналистер одағының төраға және төрайымдары назарына!


Қазақстан Республикасында БАҚ туралы заң бар. Аталған заң бойынша Бұқаралық Ақпарат Құралдары жұмыстарын жүргізіп жатады. Алайда екінің бірі журналист, блогерміз - деп, телефон ұстағанның айтарлықтай барлығы бұқаралық ақпарат құралдарын жұмысын жүргізіп жүргенін күллі ел біліп, көріп отыр.


Кейбір журналистер, қоғам "қайраткерлері" ұйым төрағалары ел аралап, бәзбіреулері өздерінің байланыс нөмерін жариялап, "СПАСАТЕЛЬ-СУПЕРМЕН" болып кеткен көрінеді.
Қолдарында смартфоннан басқа бір нәрсе көрмейміз.

Менің білуімше, бір сағат бұрын заңды өзгертіп жібермеген болсаңыздар, Қоғамдық ұйым мен қорлар, редакциялар бірінші:
1) Отыратын мекмесі, не ғимараты (офис),
2) Наминклатуралары (арыздарды, кіріс-шығыс хаттар секілді құжаттарды тіркейтін және сақтайтын),
3) Бұйрықтарын тіркеу дәптерлері мен өздерінің кішігірім базалары,
4) Жұмысын жүргізіп, жазатын, бейнероликтерін сақтайтын секілді компьютерлері болады.
5) Сенім телефондары мен ресми байланыс желілері мен сымтетіктері,
6) Заңды мөрлері,
7) Жарғылары
8) Мемлекет тарапынан тіркеу күәліктері мен қызмет күәліктері
9) Редакция болса, арнайы министрлік тарапынан берілген күәлік негізінде газет-журнал, радио, ақпарат агенттік немесе порталдар, яғни желілік басылым, сайттар,телеарналар секілді уақтылы, жарғыда немесе күәлікте көрсетілген уақытта өз өнімдерін жариялау тиіс!


Байқап жүргенім, кейбір журналистер қылмыстық жауапқа тартылса да, кейбіреулері ел аралап, өзінің жеке байланыс номерін ұсынып, жарнамалап, қолында телефон, екі сөздің басын құрай алмай, не облыс, не қала екенін айыра алмай жатып, мемлекеттің "шеше алмаған" мәселелерін шешпек болып жүргенін сеземін. Бұл НЕ МАСҚАРАГЕРШІЛІК?


Егер БАҚ туралы заң қажет болмаса, телефон мен елді түсіріп, әлеуметтік желіде байбалаң салып жүргендердің кезеңі келген болса, біз журналистерді ол заңнан босатқандарыңыз жөн болар?


БАҚ - билік пен халық арасындағы алтын көпір деуші еді, қазіргі таңда БАҚ- сынып суға ағып кеткен кейпінде көрініп жүр! Кейбір журналистер тек биліктің сөзін қоштап, халықтың сөзін белсенділер сөйлеп жүрген картинаны көріп жүргенімді де жасырмаймын.


Халыққа қапраттарыңызды ресми, толық жеткізе алмасаңыздар, онда журналистерге ренжудің қажеті жоқ. Журналистердің мүддесі мен құқықтарына көбірек көңіл бөлулеріңіз қажет деп санаймын. Қателеспесем, мемлекетімізде 30-40 пайызы журналист болып кеткен сияқты. Саралау қажет ететін уақыт келген сияқты. Әйтпесе "СПАСАТЕЛЬ-СУПЕРМЕН"дер қаптап жатыр.


Бұқаралық Ақпарат Құралдарының маңыздылығы жоғалып келе жатқандай. Назар аударуларыңызды СҰРАНАМЫН!


Құрметпен, "Астарлы ақиқат" ақпарат агенттігінің бас директоры Сардар ӘБДІЖАҚИЯ
Нұр-Сұлтан қаласы


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать