Байланысқа арналған телефондар:
» » Қатыгез Путиннің негізі мен маңызы.

Қатыгез Путиннің негізі мен маңызы.

06 март 2022, Воскресенье
2 428
0
Қатыгез Путиннің негізі мен маңызы.
Путин орыс халқының, дәлірек айтқанда, жалынды жақтастары болып табылатын орыс халқының бір бөлігін, қалайша дуалап ала алды?
Путиннің билікке келуі, тобырдың тамырын баса білуінде
Путиннің жетістігінің негізі, сол жылдардағы Ресей халықының өзімен бір толқынға болуы. 
Дәл сол кезде, өз проблемаларын жеңе алмай, өзін бейне бір кішкентай, жалғыз, пайдасыз бейшара адам сияқты сезінген жарымжан жандарға, дәл Путин сияқты адам керек болған сәт болатын.
Премьер министр Путин, өзіне көптеген жақтастар тауып, тұла бойын бейне бір құдіретті күшке қатысты бар сезімі жаулап алады. 
Путиннің негізгі олжасы, саяси табыс емес, психологиялық жеңіс болды.
Ол халықтың көңіл-күйін сезе білді, меңзеген мақсатымен арманын әп сәтте қармап алды. 
Өз өміріндегі, ел өміріндегі, өзгерістермен келісе алмаған, абдырап, сасып қалған жандардың көңіл-күйін сезе білді. 
Путин, өзін қолдаушыларға, олардың армандары мен қиялдарын тірілте алатын тұлға ретінде көрсете білді. Олардың жасырын тілектерін ақтап, үміттерін орындайтындай кейіп білдірді.
Путиннің жақтастары, постсоветтік кеңістіктегі басқада республикалардағы азаматтардан кем өмір сүріп жатқан жоқ болатын. 
Бірақ олар КСРО ыдырағаннан кейін, бастарына кенеттен келеген толық еркіндікке төтеп бере алмады. 
Жеке бас бостандығы - өзіндік көзқарастар мен нақты шешімдерде толық тәуелсіздікті талап етті.
 Ал олар болса абдырап, бәленің бәрі Батыс таңып отырған демократиядан деп, ұлтқа қарсы либерализмнен және олигархтардың билігінен болды деп сенді. 
Іс-әрекетінде де, ойында да, дербестікті әдетке айналдырмаған олар, жоғарыдан не істеп не қою керек жайлы түсетін нұсқаусыз қалды. 
Қойшыдан айырлған қойдай, кейіп шеккендей сезімде болды. 
Олар белгісіздіктен, ендігі кезде, өз өмірін өзі анықтау қажеттілігінен, былайша айтқанда жеке бас жауапкершілігінен қашқақтап, барлық саяси әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына жүктеп алатын мемлекеттік күшті аңсады.
Путин өзінің жақтастарын, өзінің сиқырлы қабілеттеріне сендіріп қана қоймай, оған өзі де сеніп қалды. 
Путин, осындай абдыраған халыққа, кеше ғана Ұлы мемлекет азаматы болып, ал бүгін бейшара хәлге душар болған топқа, ұлылықтың мансабынан үміт берді. 
Арсыз демагог, ол барлық мәселелерді шешемін деп үйіп төгіп уәдені аямай берді. 
Ақырында тәртіп орнайды, тек осы менің қасқа жолыма қарсы болғандардың көзін жою керек деп сендірді, артынан ерген тобырды...
Путинді кімдер және қалай билікке әкелді 
Путиннің билікке келуі, барлық орыс тарихының, империялық милитаризмнің, логикалы, сатылы сара жолынан әлде қайда алшақ, кездейсоқтықпен сәттіліктің жолы болды. 
Ресейліктер Путинді өздері таңдады деген түсінік те қате. Елтсіншілдер, Ресей Думасындағы ең үлкен фракцияға ие бола тұра, олар орыстардың көпшілігінің мүддесін қорғаушы халық қалаулалылары дегеннен аулақ еді.
 Елтсін реформаторларына деген сенім 1998-1999 жылдарда толығымен құрдымға кетіп бара жатқан болатын. 
Олардың заманы тынған болатын. 
Келесі сайлауда олар, сайлаушылар дауысының басым бөлігін алар алмсы белгісіз еді. 
Қарақан басының пайдасынғана ойлаған Кремілдегі бірқатар беделді адамдар оның билікке келуіне атсалысып кетті. Әйтпесе ол ешқашан билікке келмес те еді. Өйткені бюрократиялық сатының, бірден басындағы баспалдақтан пайда болуына ешкімге жол жоқ болатын.
Бұл ықпалды адамдар, елдегі ахуалға наразылардың барлығын жинады. 
Елтсіннің режимі мәдени ыдырау мен моральдық банкроттықтың көрінісі ретінде қарастырылды.
 Өздері сол Елтсін жүргізген неолибералды саясаттың арқасында байып, билікке келседе, өздерінің сауатсыз саясаттарының дағдарысына, әлеуметтік экономикалық опатқа, кінәлі либералдық жүйе деп соған аудара салды да, күйзеліс үшін жауапкершілік демократтарға жапсырыла салды. 
Ал ол кезде демократиялық көзқарастағы адамдар арасында да бірлік болмайтын.
 Елдегі барша саяси топтардың барлық тұлғалары бір-біріне қайшы болатын. 
Демократтар арасындағы алауыздық, олардың мистикалық дерлік бірігуге қабілетсіздігі, нағыз жауды айыра алмау, бағалай алмау, елдегі енді ғана аяғына тұрып келе жатқан демократияның тағдыры үшін, ажалға әкелді десек артық кетпеген болар едік. 
Жауапкершілігін сезінетін, конституцияны қолдайтын байсалды партиялар блогын құру, сол арқылы экстремистердің бетін қайтару мүмкін болмады. 
Ұлттық мүддеден гөрі партиялық немесе жеке жанашырлық пен антипатия басым болды.
Ақыры ажалы Путиннің жазалаушыларының қолынан болған ресейлік саясаткерлердің бірі: "Мен не істеуім керек? Ресей үшін күресу керек пе, керек емеспе? Не үшін керек? Ресейдегі саяси сауатсыз қара бүқара, бейшара, олардың өздерін құтқаруға деген күресті, өзі де қалап отырғаны шамалы" деп көңілі қалды. 
Көпшілік Елтсіннің билігі шірік, оны жақсартуға тырысудың қажеті жоқ деп есептеді. 
Ол бұзылсын, оның орнына жаңа, жарқын және әдемі нәрсе пайда болады деп сенді көпшілік. 
Ал солшыл саясаткерлер болса, Елтсінді, және оның таңдауы болған Путинді келемеждеп бақылап отырды, және ол өзінің дәрменсіздігін тез көрсетіп, сәтсіздікке ұшырауы үшін оған қысқа мерзімге билік берудің мағынасы бар екенін қолдады да.
Елтсіннің қарсыластары бір-бірімен соқтығысып жүргенде, Путин мен оның императорлық амбициясы, Ресей билігінің шыңына шығуына жол ашты. 
Ал, абдырап қалған өзге ссаяси топтардың, енді оны тоқтатуға мүмкіндігі болмады да. 
Онымен шындап күресу талай қажырлықпен қайсарлықты талап еткен болар еді. 
Әйтседе ол жиырма екі жылдық империялық диктатурадан жақсырақ болар еді.
Путиннің билікке келу жолымен, бүгінде адамзатқа төндіріп отырған қәуіпі, Гитлер мен оның Германиядағы қолдаушылармен, оның жақтастарының, Млечин жазып кеткендей жолымен пара пар екеніне өздеріңізде көз жүгірсеңіздер болады.
Маған Гитлерді Путинмен салыстырудың өте үлкен маңызы бар. Ол өздеріңіз көріп тұрғандай, Гитлермен, оның жақтастарымен болған оқиғаның бәрі, қазіргі Путинмен, оның жақтастарымен болып жатыр. 
Адамзатқа келген қайғы қасіретке кезінде Гитлер қандай жауапты болса, оның жақтастары да дәл сондай жауапты болған болатын. 
Бүгінде, Путиннің Украинадағы басқыншылық саясатына, оның қанды қол соғысының салдарынан қаза тапқан бейкүнә балалармен, бейбіт адмадардың ажалына, оның жеке басы қандай жауапты болса, оның соғысты қолдаушы жақтастары да, адамзат алдында дәл сондау жауапты. 
Бахытжан Көпбаев

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать