Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысындағы шылым шегуге қарсы шаралар

Түркістан облысындағы шылым шегуге қарсы шаралар

05 Қараша 2024, Сейсенбі
1 536
0
Түркістан облысындағы шылым шегуге қарсы шаралар қоғамдағы денсаулықты қорғау, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, және темекі шегудің зиянды әсерлерін төмендету мақсатында бағытталған. Заңнамалық шаралар, ақпараттық-насихаттық жұмыстар, салауатты өмір салтын насихаттау, темекі шегуді тоқтату бағдарламалары мен қоғамдық бақылау арқылы облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау және темекі шегуді азайту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. 

Бүгінде қоғамда темекі шегуге, қарсы күрес жүргізу өзекті мәселелердің бірі десек болады. Темекіге әуестену жасөспірімдердің арасында әсіресе қатты өсуде. Қазіргі таңда осы бағытта Түркістан қаласында шылым шегу мен алкогольден арылу бағытында түрлі шаралар өткізілуде. 

Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» қол қойған болатын. Қазақстан бүгінде ұлттың денсаулығына ден қоя бастады. 

«Ұлт денсаулығына қауіп төндіретін тағы бір кесел — бұл вейптер мен электронды темекінің алуан түрлері. Өкінішке қарай, оларды қолдану жасөспірімдер арасында сәнге айналды. Бұған олардың қолжетімділігі мен заңсыз жарнама ықпал етеді. Шын мәнінде жастар өзіне қауіп-қатер төндіріп отыр. Себебі вейптердің өзі зиянды, есірткіге бір қадам жақын. 

Шылым шегу адам денсаулығына айтарлықтай зиян тигізеді және көптеген аурулардың пайда болу қаупін арттырады. Темекі түтінінде 7,000-нан астам химиялық заттар бар, оның ішінде 70-тен астамы канцерогенді болып келеді. Бұл заттар әртүрлі мүшелерге және жүйелерге кері әсер етеді. Шылым шегу қатерлі ісік және өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, гипертония ауруы, жүректің ауруы, белсіздік сияқты қорқынышты ауруларды туғызады. Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. Темекі түтінінің құрамында 4000-ға жуық улы заттар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде қатерлі өкпе ісігінен қайтыс болғандардың – 90 пайызы, созылмалы қолқа дертінен көз жұмғандардың – 75 пайызы және жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болғандардың – 25 пайызы темекі шегудің салдарынан орын алады екен. 

Шылым шегу адам денсаулығына ұзақ мерзімді зиян келтіреді және ерте өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Темекіні тастау арқылы денсаулыққа үлкен пайда келтіруге болады, өйткені ағза біртіндеп қалпына келе бастайды, ал аурулар қаупі төмендейді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать