Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы басты бастамаларының бірі болып табылады.

Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы басты бастамаларының бірі болып табылады.

07 Қараша 2024, Бейсенбі
23
0
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы басты бастамаларының бірі болып табылады. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы – Қазақстандағы қауіпсіздік пен қоғамның тұрақтылығын арттыру мақсатында іске асырылып жатқан ауқымды бастама.Бұл жоба 2021 жылы бекітілген он ұлттық жобаның бірі ретінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жоба арқылы елдегі құқықтық және қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, киберқауіпсіздікті күшейту, және құқық қорғау жүйесін жетілдіруді көздейді. Сонымен қоса құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруды мақсат етеді. 2024 жылы жобаның аясында негізгі бағыттарды жүзеге асырып бірнеше саланы қамтиды:

1.    Қоғамдық тәртіпті күшейту- полиция мен құқық қорғау мекемелерінің қызметін жаңғырту үшін интеллектуалды бейнебақылау жүйелері енгізілуде. Көпшілік орындардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ал құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жедел-іздестіру шаралары мен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
2.    Құқық қорғау мен әділ сот- құқық қорғау органдарының жұмысын азаматтардың құқықтарын қорғау және заңды әділ қолдану үшін қайта құрылымдау жоспарланған. Азаматтардың әділ сот пен заңды қорғауға қолжетімділігіне ерекше мән беріледі.
3.    Қарулы күштерді нығайту-әскери техника мен жабдықтар жаңартылып, Қазақстанның қорғаныс қабілеті күшейтілуде. Әскери инфрақұрылым жетілдіріліп, жаңа технологиялар ендіріледі.
4.    Төтенше жағдайларға дайындық- жоба төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және апаттық-құтқару қызметтерін жетілдіруді қамтиды. Арнайы жаттығулар мен оқыту шаралары ұйымдастырылады.

   Бірқатар бастамалар арасында бейнебақылау жүйелерін кеңінен қолдану мен олардың жасанды интеллектпен біріктірілуі ерекше назарда. Бұл технологиялар күдікті әрекеттерді автоматты түрде анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік саласында ақпараттық жүйелерді қорғау және азаматтардың деректерін қорғау шаралары күшейтілуде.
Жоба әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздікке де назар аударады. Бұл бағыттарда жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік теңсіздікті жою, бизнестің құқықтық қорғалуы мен кәсіпкерлік қолдауы сияқты бастамалар жүзеге асырылуда. Қоғамдық ұйымдар да құқық қорғау саласында белсенділікті арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы


Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать