Байланысқа арналған телефондар:
» » Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру.

Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру.

13 Желтоқсан 2024, Жұма
40
0
Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру. «Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты.
 Соңғы жылдары Шымкент қаласының экономикасы қарқынды дами бастады. Бұл оның «республикалық маңызға ие дербес қала» мәртебесіне ие болуы әсер еткені анық. Сондай- ақ қаланың ерекше белгілерінің бірі – географиялық орналасуы. Қала маңызды көлік жолдарының қиылысында орналасқан, бұл тиімді сауда мен әртүрлі аймақтармен байланыс орнатуға ықпал етеді. Дамыған логистикалық инфрақұрылымның арқасында Шымкент логистикалық бизнес пен транзиттік сауда ағынының орталығына айналуда, бұл қалаға нарықта бәсекелестік артықшылық береді.

Сонымен қатар, Шымкентте инновациялар мен жоғары технологиялар белсенді дамып келеді. Инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар, білікті кадрлардың болуы және дамыған ғылыми база инвестициялардың келуіне және заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді. Инновацияның бұл өсуі Шымкенттің және жалпы Қазақстанның экономикасының дамуына зор үлес қосуда.
Шымкент экономикасының негізгі салаларының бірі – өнеркәсіп. Мұнда металлургиялық өнімдер, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі дамыған. Өнімдерінің жоғары сапасы мен халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің арқасында шымкенттік кәсіпорындар өз өнімдерін түрлі елдерге сәтті экспорттауда.
Шымкент экономикасының дамуында туризмнің де алатын орны зор. Қала жыл сайын мыңдаған туристерді тартатын тарихи және мәдени көрікті жерлерге бай. Сәулет ескерткіштері, мұражайлар, саябақтар және бірегей табиғи нысандар келушілерге осы аймақтың бай және көп қырлы тарихына сүңгуге мүмкіндік береді. Туризмнің дамуы жұмыс орындарының көбеюіне, халық табысының артуы.
Осылайша, Шымкент ілгері дамып келе жатқан экономикалық дамушы қала ретінде аймақтағы позициясын нығайта түсуде. Кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар, экономика салаларының сан алуандығы және инфрақұрылымның белсенді дамуы Шымкентті инвестиция мен бизнес үшін тартымды орынға айналдырады.
Бұл қала Қазақстанның жетекші орталықтарының біріне айналуға дайын екенін көрсетіп, экономикалық прогресс пен дамудың туын мақтанышпен көтеріп келеді
10 айда еліміздегі үшінші мегаполистің экономикасы 12 процентке өскен. Бұл республикадағы ең үздік көрсеткіш. Шырайлы шаһарға тартылған инвестиция көлемі мен ашылған жаңа жұмыс орындарының саны жағынан да ауыз толтырып айтарлық жаңалық аз емес. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жайында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг беріп, атқарылған жұмыстарды баяндады. 
Шымкент қаласы қазіргі таңда еліміздегі үш мегаполисінің бірі ретінде қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел әрі сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі әдеуір артып отыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһарға басшы болып келген 1 жылдың ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көбейту, баспана салу, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты маңызды мәселелер күн тәртібінен түскен емес.  Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды. Биыл жалпы аумағы 438 гектар болатын 2 жаңа индустриалды аймақ іске қосылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Оның ішінде тартылған инвестиция - 9%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі - 27%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы - 42%-ға, сауда көлемі - 19%-ға, көлік қызметі - 26%-ға, өнеркәсіп өндірісі - 2%-ға артты. 
Мемлекет басшысы елімізде өңдеу өнеркәсібін 1,5 есеге ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырғаны белгілі. Осы бағытта қалада биыл құны 78,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның 12-сі іске қосылып, 67,1 млрд теңгеге инвестиция тартылған. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішіндегі ірі жобалар: трансұлттық кока-кола компаниясының алкогольсіз сусындар өндіру жобасы. Құны 27 млрд теңге. Қуаттылығы жылына 262 млн литр дайын өнім шығарады. Кәсіпорында 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды, -деді қала әкімі. 
Келесі жобамыз «Wan Sheng Geramic» салған керамикалық тақтайшалар өндіру заводы. Жылына 13 млн шаршы метр тақтайшалар өндіреді. Құны 25,5 млрд теңге. Ашылған жұмыс орны 350 адамды қамтиды. Келесі жылға екінші кезеңі құрылысын бастап, жылына қосымша 12,5 млн шаршы метр тақтайшалар өндіру жоспарлануда.  Мегаполисте жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 45 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, оның ішінде 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать