Шымкент қаласының әкімі бірқатар нысандардың жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымы 2024 жылы жаңа деңгейге көтеріліп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Су, кәріз, электр және жылу жүйелерін жаңарту, жол инфрақұрылымын жетілдіру, энергия үнемдеу технологияларын енгізу қаланың тұрақты дамуына және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл шаралар Шымкентті Қазақстанның ең дамыған қалаларының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнемониторинг жүйелері орнатылып, олардың саны арттырылған. Қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамералар құқық бұзушылықтарды алдын алуға және жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Қаладағы маңызды нысандар мен қоғамдық орындарда бейнемониторинг жүйесі орнатылып, қауіпсіздік деңгейі арттыруда.
Шымкент қаласының әкімі бірқатар нысандардың жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Шымкент қаласының әкімі жуырда Қаратау ауданындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы № 80 IT мектеп-лицейіне барып, ондағы күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмаған еді. Шаһар басшысы мердігерге бір апта ішінде барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Сондай-ақ Тұран ауданындағы №48 орта мектепте ішкі әрлеу жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланды. Әкімнің тапсырмасымен бұл кемшілікті мердігер тез арада түзетуі керек. Сонымен қатар, мектеп директорларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алу ұсынылды.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты. Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған. Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Одан әрі шаһар басшысы Қаратау ауданында орналасқан Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне барды. Құжаттарды сақтау шарттарымен және архив материалдарын қалпына келтіру кабинеттерінің жұмысын бақылады. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысына мәліметтерді цифрлық форматқа автоматты түрде көшіру жұмыстарын күшейтуді тапсырылды.
Сонымен қатар,“Тельман” шағынауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің, А. Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепке арналған 575 орындық қосымша ғимараттың құрылысында болып, сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №120 орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерді.
Жаңа білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай құрылыс басқармасына жұмысты бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
Бұдан бөлек, қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жобасының екінші кезеңімен және Әйтеке би көшесінің ағымдағы жағдайымен танысты. Айта кету керек, мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында. Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды.
Сонымен қатар Еңбекші ауданында С.Көлбаев, К.Цеткин көшелерінің және Қапал батыр көпірінің санитарлық жағдайын және жарықтандырылуын да тексерді. Биыл ауданда 246 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Бүгінде оның 158-і жарықтандырылды, ал қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады.
Шымкент қаласындағы Абай ауданының инфрақұрылымдық дамуы қарқынды жүзеге асырылуда.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд теңге қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда. Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар.
Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен, яғни ауыз су мен электр жарығымен қамту көрсеткіші 100 пайыз. Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ал табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2 пайызды құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда 2 елді мекенде табиғи газ қосылып, абоненттеу жұмыстары жүргізілдуе, ал қалған 2 елді мекенде Ынтымақ-2 шағын ауданы – 70 пайыз, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 60 пайыз құрылысы аяқталған. Айта кетер жайт, былтыр 3,1 млрд теңгеге 57 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 4,3 млрд теңгеге 74 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
15 Желтоқсан 2024, Жексенбі
Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын 2024 жылы жаңарту және дамыту мақсатында көптеген кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
16 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
2024 жылы жүзеге асырылып жатқан инженерлік инфрақұрылым мен ТКШ саласындағы жаңартулар Шымкентті заманауи әрі экологиялық жағынан таза қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.
13 Желтоқсан 2024, Жұма
ымкент қаласының дамуы үшін инженерлік инфрақұрылым мен ТКШ саласының жаңартылуы өте маңызды болып табылады.
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Шымкент қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) жүйесі қаланың инфрақұрылымдық негізін құрайды.
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Шымкент қаласындағы инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) жүйесінің дамуы
Комментарии (0)