Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, Ата Заңдағы жаңа нормалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды.
Кездесуді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлзада Шінет жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияда адам капиталының мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы қоғам дамуының жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.
— Қазіргі кезеңде экономиканың басты ресурсы – табиғи байлық емес, білімді әрі білікті адам. Конституцияда білім мен ғылымға, кәсіби құзыреттілікке басымдық берілуі – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді, – деді ол.
Жиында PhD докторы, аға оқытушы Мира Бекебаева жаңа нормалардың еңбек нарығына ықпалына тоқталды. Оның айтуынша, адам капиталына басымдық беру еңбек қатынастарының сапалық өзгеруіне негіз болады.
— Бәсекеге қабілеттілік енді тек өндіріс көлемімен емес, маманның кәсіби деңгейімен өлшенеді. Сондықтан білім беру саласына инвестиция салу – елдің тұрақты экономикалық дамуының кепілі, – деді ол.
Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нұржан Жақсылықов Конституциядағы құқықтық нормалардың азаматтардың күнделікті өмірімен тікелей байланысын түсіндірді.
— Конституциялық өзгерістер – абстрактілі ұғым емес. Азаматтың білім алуға қолжетімділігі, кәсіби дамуы және өз құқығын қорғау мүмкіндігі осы құжат аясында айқындалады. Сондықтан жаңа нормаларды терең түсіну әр азамат үшін маңызды, – деді Н.Жақсылықов.
Кездесу барысында қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, жастардың кәсіби қалыптасуы және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру кездесулері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформаның мәнін тереңірек ұғынуға ықпал етеді. Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, Ата Заңдағы жаңа нормалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды.Кездесуді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлзада Шінет жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияда адам капиталының мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы қоғам дамуының жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.
— Қазіргі кезеңде экономиканың басты ресурсы – табиғи байлық емес, білімді әрі білікті адам. Конституцияда білім мен ғылымға, кәсіби құзыреттілікке басымдық берілуі – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді, – деді ол.
Жиында PhD докторы, аға оқытушы Мира Бекебаева жаңа нормалардың еңбек нарығына ықпалына тоқталды. Оның айтуынша, адам капиталына басымдық беру еңбек қатынастарының сапалық өзгеруіне негіз болады.
— Бәсекеге қабілеттілік енді тек өндіріс көлемімен емес, маманның кәсіби деңгейімен өлшенеді. Сондықтан білім беру саласына инвестиция салу – елдің тұрақты экономикалық дамуының кепілі, – деді ол.
Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нұржан Жақсылықов Конституциядағы құқықтық нормалардың азаматтардың күнделікті өмірімен тікелей байланысын түсіндірді.
— Конституциялық өзгерістер – абстрактілі ұғым емес. Азаматтың білім алуға қолжетімділігі, кәсіби дамуы және өз құқығын қорғау мүмкіндігі осы құжат аясында айқындалады. Сондықтан жаңа нормаларды терең түсіну әр азамат үшін маңызды, – деді Н.Жақсылықов.
Кездесу барысында қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, жастардың кәсіби қалыптасуы және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру кездесулері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформаның мәнін тереңірек ұғынуға ықпал етеді. Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
Обсудить
Другие статьи:
Коалиция за Народную Конституцию ответила на вопросы жителей Шымкента
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Татар ақыны Мұса Жәлелдің 120 жылдығына орай тағылымды кеш өтті
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
16 Ақпан 2026, Дүйсенбі
Орталық Азия Инновациялық университеті: Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
Комментарии (0)