«Таза Қазақстан»: Астанада ескерткіштер аумағында тазалық жұмысы жүріп жатыр
Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ескерткіштер аумағын тазалау және абаттандыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері Дина Нұрпейісова ескерткішінің аумағында тазалық жүргізді. Іс-шара барысында ескерткіш маңы тазартылып, аумағы ретке келтірілді.
Бұл жұмыс қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға, мәдени мұраға құрметпен қарауға және қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Бірлескен музейлер дирекциясының ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қуаныш Күлештің айтуынша, тазалық мәдениеті әрбір азаматтың өзі өмір сүріп отырған ортаға жауапкершілікпен қарауынан басталады.
«Ел тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет», – деді ол.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарды таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мәдени мұраны сақтау және оның айналасын таза ұстау – ұлттық құндылықтарға құрметтің маңызды көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan
Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері Дина Нұрпейісова ескерткішінің аумағында тазалық жүргізді. Іс-шара барысында ескерткіш маңы тазартылып, аумағы ретке келтірілді.Бұл жұмыс қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға, мәдени мұраға құрметпен қарауға және қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Бірлескен музейлер дирекциясының ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қуаныш Күлештің айтуынша, тазалық мәдениеті әрбір азаматтың өзі өмір сүріп отырған ортаға жауапкершілікпен қарауынан басталады.
«Ел тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет», – деді ол.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарды таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мәдени мұраны сақтау және оның айналасын таза ұстау – ұлттық құндылықтарға құрметтің маңызды көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan
Обсудить
Другие статьи:
В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ
23 Тамыз 2026, Жексенбі
День, который объединил страну: Как прошли первые выборы в Курултай
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi
23 Тамыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
07 Тамыз 2025, Бейсенбі
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті
07 Шілде 2024, Жексенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Комментарии (0)




