ШЫМКЕНТТЕ АВТОРЛЫҚ ТҰМАР ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Шымкент Creative Hub алаңында дәстүрлі ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды ұштастырған авторлық тұмар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті.Іс-шара барысында қатысушылар ағаш, акрил бояуы, тастар және эпоксидті шайырды пайдаланып, өз қолдарымен ерекше әшекей бұйымдар жасады. Шеберлік сағатын суретші, зергерлік бұйымдар дизайнымен айналысатын Айман Тельходжаева өткізді.
Қатысушылар арнайы дайындықсыз-ақ ұлттық ою-өрнек пен түрлі символдарды қолдана отырып, жеке дизайнын әзірледі. Нәтижесінде әрқайсысы бірегей алқа-тұмар жасап шықты.
Шеберлік сағатының мақсаты – ұлттық мәдени мұраны заманауи қолөнермен сабақтастырып, қала тұрғындарының шығармашылық қабілетін дамыту.
Айта кетейік, Shymkent Creative Hub-та керамика, пэчворк, дизайн және қолөнер бағыттары бойынша тұрақты түрде шеберлік сабақтары мен оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ АВТОРЛЫҚ ТҰМАР ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
27 Тамыз 2026, Бейсенбі
«Жан дауа»: сахна арқылы есірткі қылмысының алдын алу
27 Тамыз 2026, Бейсенбі
«Жан дауа»: профилактика наркопреступности через театральное искусство
27 Тамыз 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






