ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Астана қаласында бокстан VI жазғы Спартакиадасы 19 қарашада өз мәресіне жетті. Сайыста Шымкент қаласының намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 1 қола жүлде иеленді.Жерлесіміз Махмұд Сабырхан 57 келі салмақта қарсыласының бәрін жеңіп, алтын медаль тақты. Махмұд финалдағы шешуші жекпе-жекте Ақмола облысының спортшысы Оразбек Асылқұловтан басым түсті. Ал 86 келіде өнер көрсеткен Таңатар Бекзат қола жүлде иеленді.
Еске салсақ, елге еңбегі сіңген спорт шебері Махмұд Сабырхан биыл Ташкентте өткен Әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, байрақты бәсекенің биік тұғырынан көрінген болатын. Оған дейін ол жасөспірімдер және ересектер арасында Азия чемпионы, ал жастар арасында Азия біріншілігінде 2 дүркін жеңімпаз атанған.
Айта кетейік, Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өткен дүбірлі додада шымкенттік 12 спортшы бақ сынады.
Қалада бокстың дамуы дене шынықтыруды, спорттық жетістіктерді және әлеуметтік-мәдени өзара әрекеттесуді ынталандыру мүмкіндігіне ие. Заманауи бокс залдары мен оқу орталықтарын құру жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын жүргізуіне мүмкіндік береді. Бокс бойынша іс-шаралар мен турнирлерді ұйымдастыру тек спорт әуесқойларының ғана емес, сонымен қатар кең аудиторияның назарын аударып, бокстың танымал болуына ықпал етеді. Жас дарындарды қолдау бағдарламалары және бокс іс-шаралары арқылы әлеуметтік жобаларға қатысу тамаша нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті дені сау және тәртіпті жастар қоғамдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жылу жүйесі жаңарады: ЭКСЖ ұлттық жобасы қалаға жаңа леп әкеледі
31 Қазан 2026, Сенбі
Тұран шағынауданында тұрғындардың арманы шындыққа айналды: жаңа аллея пайдалануға берілді
31 Қазан 2026, Сенбі
Газ қауіпсіздігі — өмір қауіпсіздігі: «QazaqGaz Aimaq» тұрғындармен тілдесті
31 Қазан 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






