ҚАЛА ӘКІМІ ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданында құс фабрикасының ашылуына қатысты.
"Аймар Құс" ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жаңа құс фермасының өндірісімен танысқан қала басшсы бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саланы дамытуда Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер жүктегеніне тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Президент халыққа Жолдауында елімізде сапалы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобалардың басым бағыттар болып табылатынын атап өтті. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды ашу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысы тапсырмалары аясында бүгінде қалада ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспарлар іске асырылуда. Қазір мегаполисте 5 мыңнан астам шаруа қожалықтары, 50-ге жуық түрлі қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл сайын 50 млрд.теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.
Құс фермасының іске қосылуы азық-түлік белдеуінің қалыптасуына оң әсер етіп қана қоймай, қала тұрғындарын жергілікті өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін 1- санаттағы жұмыртқалардың бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған "Аймар Құс" ЖШС-мен айналым схемасы тетігі шеңберінде шарт жасалды. Форвардтық шарт аясында серіктестік 1-санаттағы жұмыртқаларды қала аумағындағы сауда нүктелеріне белгіленген бағамен өткізетін болады.
Әлемдік биоқауіпсіздік стандарттарына негізделген ферма тауық жұмыртқасын өндіру бағытында озық үлгідегі кәсіпорын болып табылады. Еуропалық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған кәсіпорында 2026 жылға дейін өндірістің 2-кезеңі іске қосылады. Онда тауықтарға арналған 8 цех және оларды өсіруге өсіруге арналған 1 цех салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2026 жылға қарай жұмыртқа салатын тауықтардың санын 660 мыңға жеткізу көзделуде. Бұл өндіріс көлемін жылына 220 млн.жұмыртқаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту — қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға және жемқорлықты түбірімен жоюға бағытталған жүйелі жұмыс.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
05 Қырқүйек 2023, Сейсенбі
Бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды
Комментарии (0)