ШЫМКЕНТ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 6 ТРИЛЛИОН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
Ғ.Сыздықбеков Шымкент қаласы экономикасының инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы 4 жылда 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Ал, алдағы 5 жылда 6 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл бағытта нақты жоспар да жасалған.
– Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 229 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Оның ішінде, басым бағыттары өңдеу өнеркәсібі саласында – 405,8 млрд теңге, тұрғын үйге – 594,4 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 128 млрд теңге, ауыл шаруашылығына – 363,9 млрд теңге жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 34 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады, – деді қала әкімі.
Другие статьи:
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
– Өндіріс алаңдарын арттыру мақсатында жаңадан көлемі 867 гектар құрайтын 5 өндіріс аймағын құру қолға алынды. Алдағы уақытта 372 млрд теңгені құрайтын 289 жобаны іске асырып, 12 мыңға жуық жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні «Жұлдыз», «Бозарық» индустриялық аймақтарына инженерлік жүйелер тартылып, келер жылы қолданысқа берілетін болады. Одан бөлек, сауда-логистикалық орталықты кеңейту арқылы «Өңірлік хаб» құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.Аталған индустриялық аймақтарды іске қосу арқылы, салықтық түсімдерді арттыру көзделуде, – деді Ғ.Сыздықбеков.
Шымкент қаласының әкімі шағын және орта бизнестің өркендеуіне ерекше ден қойылып келе жатқанын, бүгінде кәсіпкерлерге бағытталған әртүрлі қолдау шаралары бар екенін айтты. Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 20 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңде 16 млрд теңгеге 3 351 жобаға қолдау көрсетіліпті.
Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде соңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер 2 есе көбейіп, 131 мыңнан асқан. Ал, өңірлік ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға жеткен.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)