Ленгірдегі 6698 әскери бөлімінде кезекті әскери-патриоттық шара өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінің Ленгер қаласында орналасқан жеке атқыштар ротасында №8 орта мектебінің оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Аталған әскери-патриоттық іс-шараға 6698 әскери бөлімінің және орта мектептің басшылары, Ленгер қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Жорабек Сазанбайұлы қатысты. Шара барысында №8 орта мектебінің директоры Дуйсеев Мейманхан Ермекбаевич пен 6698 әскери бөлім командирі подполковник Нурмахамбетов Ануарбек Алимұлы аталған мектепте “Жас бүркіт” сыныбының ашылуына байланысты, бірлесе әрі қарай жұмыс атқару үшін меморандумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде әртүрлі әскери шаралар, жауынгерлік сабақтар өткізу. Әскери бөлімде ұйымдастырылған «Ашық есік күні» мектептің жоғары сынып оқушыларына әскери қару мен мүліктерден көрме қойылды. Сонымен қатар қызметтік иттердің жауынгерлік қызмет кезіндегі іс-әрекеттерінен қойылым тамашалады. Жауынгерлеріміздің тұрмыстық үй-жайларымен танысқан жастарға Ұлттық ұланның жауынгерлік қызметі туралы деректі фильм көрсетілді.
Айта кетейік, 2003 жылы Ішкі әскерлердің (Қазіргі Ұлттық ұланның) әскери бөлімдерінің базасында іргесі қаланған «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалыстары барлық өңірлік әскери бөлімдерде жұмыстарын жалғастырып келеді. Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келе жатқан бұл клубтың жастары егемен елдің ертеңгі Отан қорғаушылары екені айдан анық.
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
15 Тамыз 2023, Сейсенбі
Мәскеу қауіпсіздік конференциясында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдемесі:
Комментарии (0)