ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Үшінші мегаполисте республикалық тазалық акциясы аясында қала көшелеріне ағаш отырғызылды. Тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатыр.Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.
Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жылу жүйесі жаңарады: ЭКСЖ ұлттық жобасы қалаға жаңа леп әкеледі
31 Қазан 2026, Сенбі
Тұран шағынауданында тұрғындардың арманы шындыққа айналды: жаңа аллея пайдалануға берілді
31 Қазан 2026, Сенбі
Газ қауіпсіздігі — өмір қауіпсіздігі: «QazaqGaz Aimaq» тұрғындармен тілдесті
31 Қазан 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






