Шымкент. ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ
ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ
Қазіргі жаһандану уақытында алуан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара қарым-қатынасын қандай да бір саяси тетіктер арқылы реттеу мүмкін емес болып барады.
Кейде саясат ұлтаралық қатынастарды одан әрі шиеліністіріп жіберетін сияқты. Сондықтан әлем халықтарының өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі соңғы онжылдықтардағы миграциялық дағдарыс.
Әсіресе, Батыс Еуропада бұл мәселе өрши түсуде. Кезінде Францияда "мультикультурализм" идеясы жария етіліп, бұрыңғы африкалық отарларынан ағылған босқындарды еуропалықтардың өміріне бейімдеу саясаты іске асырыла бастаған еді.
Сырт көзге тату тәтті, ауқатты қоғамда осындай оқыс оқиғалардың орын алуы мәселесі толығымен шешімін таппағанын білдірсе керек. Яғни, түрлі ұлттардың бір-біріне деген көзқарасы өзгерген жоқ, қоғамда төзімділік-толерантылық жетіспейтіні байқалды. Осы орайда, ел билігі "мультикультурализм" саясатын жарияласа да, ұлтаралық "қарым-қатынас мәдениетін" толық қалыптастыра алмады. Себебі нағыз, шынайы бірлік пен татулық дәл осы қарым-қатынас мәдениетімен тығыз байланысты.
Кеңес Одағы ыдырап кеткен кезде, тәуелсіздік алған республикаларда ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі өте күрделі проблемаға айналды. Бірқатар елдерде тым қатты сезілмеген де болар, себебі оны мекен еткен халық бір жақты идеологиямен өмір сүруімен бірқалыпты болды. Алайда, бірнеше республикаларда тұрғындарының этникалық құрамы алуан түрлілігімен ерекшеленді. Міне, сол елдерде ұлтаралық араздық мәселесі өрши түсті, тіпті, кей жерлерде қарулы қақтығысқа дейін барды.
Елімізіді мұндай келеңсіз жәйттер айналып өтті. Қазіргі таңда біздің елімізде қалыптасып, нығайып, дами түскен ұлттық мәдениет ықпалдастығы бүкіл дүниежүзіндегі ұлтаралық қатынасты дамытудың негізіне айналды.
Қазақстан қоғамындағы тарих – бұл қиын-қыстау кезеңдерде ізгілік дәстүрлерін, ынтымақтастықты сақтап қалған, әрбір соққыға қарсы ұйысып, бірлік арқылы жеңген ұлттың тарихы. Себебі әрбір қазақстандық үшін Тәуелсіздік - бұл ең алдымен еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін, өскелең ұрпақты елге деген шексіз сүйіспеншілікте тәрбиелейтін барлық адамдардың жалпыға ортақ еңбегі. Осы идеялар қазақстандық қоғамның басты құндылығына айналды. Қазақстан Республикасының Халық Ассамблеясын құры идеясы арқасында біздің мемлекетте бүкіл әлемде кеңінен танымал қазақстандық этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі орнықты. Бірнеше жылдың көлемінде осы үлгінің негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті қалыптасты.
Бүгінгі таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз - тек қана өзара сыйласу ғана емес. Қазақстандық қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтар зайырлы мәдениетке, азаматтық қоғам нормаларына, білімге, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне терең еніп кетті. Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам Қазақстанның даму стратегиясының ресурсына айналды. Бейбітшілік пен татулықты нығайту, діни төзімділік, қайырымдылық, жалпыұлттық сананың, мұраттың қалыптасуына, жалпы азаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуын қазіргі таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жатқызуға болады. Қазір еліміздің алдына қойылып отырған үлкен мақсат - барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады.
Еліміздің қызырлы органдары мемлекет атынан заңда белгіленген нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға қабілетті кез келген іс-әрекет конституциялық емес деп танылатынын атап өту қажет. Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және арандатушылық мәлімдемелерді жүзеге асырғаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 180 – баптарында көзделген жауапкершілік белгіленген, бұл-әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру, сондай-ақ сепаратистік қызмет. Мұндай әрекеттер жауапкершілікті, оның ішінде екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтарды:
- ұлтаралық арандатушылыққа берілмеуге,
- чат-рулетка сияқты әңгімелерге қатыспауға,
- әлеуметтік желілерде және жеке диалогтарда мәлімдеме жасамауды түсіндіреді.
Тілші: Бағила Райымбек

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысы. “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы аясында бірнеше қосымша шаралар да қарастырылған.
07 Қазан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)