Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі
Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі
Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте осы салалардағы құрылыс жұмыстары мен алдағы міндеттер талқыланды. Әкімнің орынбасары жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі 1 300 мектепті жаңғырту жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысы бұл бастаманы қолдап, жаңғырту жобасына 115 мектепті енгізді. 2025-2027 жылдар аралығында осы мектептердің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Биыл облыста 41 мектепте жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.
Өткен жылы бюджет есебінен облыста 50 мектептің құрылысы басталып, 26-сы пайдалануға берілген. Қалған 24 мектептің құрылысын биылғы жоспар бойынша тамыз айына дейін аяқтау қажет. Ал 2025 жылға дейін тағы бірнеше жаңа мектептер салынуы күтілуде. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс нысандарындағы жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Түркістан облысының білім басқармасының орынбасары Жандос Нұрпейісовтің мәліметі бойынша, өңірде 1082 орта білім беру мекемесі бар, онда 554 753 оқушы білім алуда. Облыс мектептерінің көпшілігі типтік ғимараттарда орналасқан, алайда 124 мектепте ғимараттар ыңғайластырылған. Қазіргі таңда 5800 орынды 24 жаңа мектептің құрылысына қажеттілік бар. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7200 орынды 17 мектеп салу жоспарлануда. Жалпы, 2025-2027 жылдары 12000 орынды 41 мектептің құрылысы жоспарланған.
Сондай-ақ, өңірде 2025 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін 26 мектептің 3-еуіне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен, қалған 23-іне облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінген. Жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы, сондай-ақ барлық мектептердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық құрылыс нысандары мұқият бақылауда болады.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады: Ауыз су, газ, жарық және кәріз жүйелері бойынша ауқымды жұмы
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында елді мекендер медициналық нысандармен қамтылды: Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған нысандар ашылды
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Комментарии (0)