Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.

Шымкент. Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын.

06 Қазан 2024, Жексенбі
1 558
0
  Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге  қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткеніміз жөн. Бұл оларды іске асыруға көптеген мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие болып келеды. Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды. Мәселен,  ірі қалалардың шеттерін ретке келтіру, ескі кварталдарды жаңарту және ескірген тұрғын үйлерді бұзудың өзекті мәселелері де шешуді талап етті. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымының әлсіздігі экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болды.

 2021 жылы бұл жоба іске қосылды. Ұлттық жобаның мақсаты-халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуметін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру екі бағыттан тұрады:
1. Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу
2. Көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету

 Ұлттық экономика министірінің Үкімет отырысындағы мәліметінше, ұлттық жобаны іске асыруға 1,4 трлн теңге жұмсалған. Ал 2021 жылы бағдарламаға ұлттық валютада барлығы 1,5 трлн бөлінді. Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу және тұрғын үй мәселелерін шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты. Ұлттық жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында да көрініс тапқан №10 Ұлттық басымдықты айқындайды. 2022 жылы ұлттық жобаны жүзеге асыруға 1,8 триллион теңге жоспарланған болса, оның 709 миллиарды бюджеттен тыс қаражат болды. Бұл ретте былтырғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 528 млрд теңге немесе 30%-ы игерілген.
Қорытындылай айтсақ, халықтың сапалы әрі жайлы тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру – жобаның басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать