Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Қазіргі уақытта отбасылық мәселелер өте көп болып отыр, олардың ішінде екі жақтың келіспеушіліктері жиі кездеседі.

Шымкент. Қазіргі уақытта отбасылық мәселелер өте көп болып отыр, олардың ішінде екі жақтың келіспеушіліктері жиі кездеседі.

09 Қазан 2024, Сәрсенбі
26
0
  Қазіргі уақытта отбасылық мәселелер өте көп болып отыр, олардың ішінде екі жақтың келіспеушіліктері жиі кездеседі. Ұрыс-керіс, ұрып-соғу сияқты жағдайлар да көп. Иә, әрине, қазақ атам айтқандай, «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды», алайда... Гендерлік теңдік стратегиясы дегенде біздің ойымызға тек әйелдердің құқығын қорғау түсінігі келетіні анық. Бірақ шындығында, бұл құжатта әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері теңдей қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда көптеген әйелдер ер адамдармен теңбіз деп ойлайды. Кейбір отбасыларда ер адам емес, әйел адам жұмыс істеп, отбасын асырайды. Бұл жағдай жанжалға, ұрып-соғуға немесе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін.

  Күйеуінен таяқ жеп жүрген әйелдер бұл мәселеге назар аудармаса да, мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірқатар шаралар қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды. Президенттің тапсырмасымен биылдан бастап жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына енді. Енді бұл қылмыстық істер тек сотқа жіберіледі, яғни бұрынғыдай жәбірленуші мен қылмыскердің татуласу мүмкіндігі болмайды. Мысалы, қызметтік міндетін атқару кезінде жасаған зорлау 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады (бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болатын).

  Қазіргі таңда отбасында жанжал болған жағдайда, балалар зардап шегетін болса, заң жүзінде ата-ана құқығынан айыру да мүмкін. Өйткені, мұндай отбасында өсіп келе жатқан баланың ойлау жүйесіне бұл жағдайлардың кері әсер етуі ықтимал. Соңғы үш айда «Зорлық-зомбылық нәтижесінде ауыр жағдайға тап болған жандарды баспанаға алатын Дағдарыс орталығының» сенім телефонына тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген отыздан астам әйел қоңырау шалған. Астана қаласының Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің мәліметтері бойынша, үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарының саны екі есе өскен. Олардың ішінде 18 әйел адам Дағдарыс орталығының баспанасына жіберілген.

  Отбасылық мәселелердің күрделілігі мен өзектілігі қазіргі қоғамда айтарлықтай орын алады. Екі жақтың келіспеушіліктері, тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың жиі кездесуі отбасының тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Гендерлік теңдік туралы стратегия тек әйелдердің құқықтарын қорғауды емес, әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді көздейді. Алайда, кейбір отбасыларда ер адамнан гөрі әйелдердің жұмыс істеп, отбасын асырауы жиі жанжалдарға себеп болуда. Мұндай жағдайлар әйелдерге көрсетілетін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін заңнамалық шараларды қабылдады: зорлық-зомбылық пен жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар үшін жаза күшейтілді, жәбірленуші мен қылмыскердің татуласу мүмкіндігі жойылды. Бұл қадамдар отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балаларды қорғауға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Тұрмыстық жанжалдардың теріс әсері балалардың психикасына да ықпал етуі мүмкін, сондықтан қоғам мен мемлекет бұл мәселеге ерекше назар аударуы қажет.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать