Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Инженерлік инфрақұрылым және ТКШ -бұл секторлар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтық дамуды теңестіруге және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етеді

Шымкент. Инженерлік инфрақұрылым және ТКШ -бұл секторлар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтық дамуды теңестіруге және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етеді

08 Қазан 2024, Сейсенбі
1 595
0
   Инженерлік инфрақұрылым және ТКШ -бұл секторлар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтық дамуды теңестіруге және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Инженерлік инфрақұрылым  энергетика, көлік, су және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен тұрады.

1. Көлік инфрақұрылымы:
 
Автожолдар: Қазақстанның көлік инфрақұрылымы автожолдардың кең жүйесіне негізделген. Соңғы жылдары республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарды салу және жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 
 
Теміржол: Теміржол көлігі елдің басты көлік жүйелерінің бірі болып табылады. Қазақстан теміржол жүйесі арқылы ел ішіндегі және халықаралық тасымалдар жүзеге асырылады. Соңғы жылдарға сүйенсек жаңа теміржол тармақтары салынып, вагондар мен локомотивтер паркі жаңартылып келеді.
Әуе көлігі: Қазақстанның әуе көлігі даму үстінде. Ірі қалаларда халықаралық стандарттарға сай әуежайлар салынып, халықаралық рейстер саны артуда.

2. Энергетикалық инфрақұрылым:
 Қазақстанның энергетикалық жүйесі жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында күн және жел электр станциялары да салынып жатыр.

Газбен қамтамасыз ету:
Қазақстанның газ инфрақұрылымы елдің барлық өңірлерін газбен қамтамасыз етуге бағытталған. Газ құбырларының кең жүйесі арқылы газ тасымалдау жүзеге асырылуда.
 
3.Сумен қамтамасыз ету және су тарту:
 Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін заманауи су құбырлары жүйесі салынып, ескірген жүйелер жаңартылып, сонымен қатар кәріз жүйелері халықтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндіктер беріліп келеді.

 Қазақстанның тұрғын үй шаруашылығы саласында соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістер орын алып келеді. Бұл өзгерістер халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен ипотекалық ұсыныстарды енгізуге байланысты. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске қосылып, әлеуметтік ипотеканың жаңа әдістері де енгізілді. 

  Қорытындылай айтатын болсақ, қазақстанның тұрғын үй шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңа ипотекалық бағдарламалар халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталуда. Жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар арқылы ипотека алу шарттары жеңілдетіліп, тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері кеңейтілуде. Бұл өзгерістер халықтың өмір сапасын арттыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать