Байланысқа арналған телефондар:
» » 3) АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 280-НЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

3) АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 280-НЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

17 Қантар 2025, Жұма
1 519
0
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 280-НЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

  Шымкент қаласының әкімдігінде өткен кезекті азаматтарды қабылдау барысында қала әкімі мен басқарма басшылары 280-нен астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, қаланы абаттандыру, жол жөндеу және оның күтіміне қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, мегаполистің дамуына үлес қосқысы келетін белсенді азаматтар ортаны дамыту бағытындағы өз бастамаларын ұсынды.
  Сала басшылары азаматтардың барлық өтінішін заң аясында қарап, оларды мүмкіндігінше оңтайлы шешімдермен қамтамасыз ету үшін нақты мерзімдер белгіледі. Бұл қабылдау қала тұрғындарының мәселелеріне көңіл бөліп, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. 
Тілші: Кенжебава Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать