“Белсенді ұзақ өмір” орталығының тұрғындары үшін ерекше күн болды
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Қала әкімі мен басқарма басшылары 280-нен астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Қабылдау барысында негізінен, тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, сондай-ақ қаланы абаттандыру, жол жөндеу және күтіп ұстау мәселелері пысықталды. Мегаполистің дамуын қолдайтын белсенді азаматтар жайлы ортаны дамыту бағытындағы бастамаларын да ортаға салды. Сонымен қатар, тұрғындар қаланың инфрақұрылымын жақсарту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстарын білдірді.
Қала әкімі қабылдауға келген азаматтардың әрбір өтінішіне мұқият назар аударып, нақты шешімдер қабылдау үшін жауапты басқармаларға тапсырмалар берді. Әкім әрбір сұрақтың шешілу мерзімін белгілеп, мәселенің оңтайлы жолмен шешілетінін айтты. Сала басшыларына азаматтардың барлық өтінішін заң аясында қарастырып, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер әкімдік тарапынан бақылауға алынып, қажетті жұмыстарды орындау үшін жоспарлар түзілді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





