Шымкенттегі «Алаш» базарында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Шымкенттегі «Алаш» базарында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Шымкент қаласындағы «Алаш» базарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында жоба аясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар жан-жақты таныстырылды.
Кездесуде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков сөз сөйлеп, жаңа Ата Заң жобасының мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл бастамалар елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар спикер жаңа редакцияда кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктерге ерекше мән берілгенін атап өтті. Меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру бизнес субъектілері үшін тұрақты әрі болжамды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге базар қызметкерлері мен кәсіпкерлері белсенді қатысып, жоба аясындағы бірқатар нормалар бойынша сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, жер қатынастары, салық саясаты және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндірумен қатар, азаматтардың ұсыныстарын жинақтап, қоғамдық талқылауға белсенді тарту. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Шымкент қаласындағы «Алаш» базарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында жоба аясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар жан-жақты таныстырылды.Кездесуде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков сөз сөйлеп, жаңа Ата Заң жобасының мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл бастамалар елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар спикер жаңа редакцияда кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктерге ерекше мән берілгенін атап өтті. Меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру бизнес субъектілері үшін тұрақты әрі болжамды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге базар қызметкерлері мен кәсіпкерлері белсенді қатысып, жоба аясындағы бірқатар нормалар бойынша сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, жер қатынастары, салық саясаты және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндірумен қатар, азаматтардың ұсыныстарын жинақтап, қоғамдық талқылауға белсенді тарту. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
24 Мамыр 2026, Жексенбі
В ШЫМКЕНТЕ ЗАФИКСИРОВАН РЕКОРДНЫЙ ЗА 7 ЛЕТ РОСТ ВРП
23 Мамыр 2026, Сенбі
ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ ӨСІМ ТІРКЕЛДІ
23 Мамыр 2026, Сенбі
Похожие материалы:
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
10 Ақпан 2026, Сейсенбі
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
03 Ақпан 2026, Сейсенбі
М.Ауезов университетінде өткен жиында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
Комментарии (0)



