Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан: Ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді

Түркістан: Ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді

08 Қантар 2025, Сәрсенбі
7
0
ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді

  Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, су үнемдеу технологиялары мен жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жетекшілігімен ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1006,1 млрд теңгені құрап, өсім 104,5% деңгейінде сақталды. Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.
  Жыл басынан бері 34 жоба іске қосылып, 263 жаңа жұмыс орны құрылды. 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға егілді, ал 1,1 млн тонна дәнді дақылдар жиналды. Сонымен қатар, 3,3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп және 561,4 мың тонна ет пен сүт өнімдері өндірілді.
  Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 10 мың гектарға қысқарды, ал 2030 жылға дейін 216,3 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілмек. Биылғы жылы 50 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орнатылып, 3 жаңа кәсіпорын ашылды. Бұл кәсіпорындар облыс және көршілес өңірлерді су үнемдеу құралдарымен толық қамтамасыз етуде.
  Облыста су нысандарын қалпына келтіру және салу жұмыстары жеделдетілді. «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі өз табысы есебінен 60 арнайы техника сатып алып, қосымша 5 млрд теңге көлемінде жұмыстарды атқарды, бұл экономикалық тиімділікті екі есеге арттырды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать