АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 2026 жылғы 15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауын жасайды. Бұл қадам саяси жүйені кешенді жаңғыртуға бағытталған ауқымды конституциялық реформаның заңды жалғасы болып табылады.
Реформаның негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасынан бастау алды. Бұл ұсыныс 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында жарияланып, оның басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін тиімді ету, саяси институттарды жаңғырту және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беру екені атап өтілді.
Парламенттік реформа бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Қоғам да бұл үдеріске белсенді қатысты. Азаматтар e-Otinish және eGov платформалары арқылы ұсыныстарын жолдап, жалпыұлттық талқылауға атсалысты. Нәтижесінде екі мыңнан астам ұсыныс қаралып, жүйеленді.
Алайда реформаның түпкі мәні институционалдық өзгерістермен ғана шектелмейді. Жаңа Конституция жобасының негізгі тезисі айқын: Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Бұл қағида мемлекеттік саясаттың барлық бағытына бағдар береді. Заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығы – осының бәрі адам мүддесін қорғауға қызмет етуі тиіс. Конституциялық реформа билік құрылымдарын қайта құрудан бұрын, адамның құқықтық мәртебесін күшейтуге, оның қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға бағытталған.
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 2026 жылғы 15 наурызда ел азаматтары жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауын жасайды. Бұл қадам саяси жүйені кешенді жаңғыртуға бағытталған ауқымды конституциялық реформаның заңды жалғасы болып табылады.Реформаның негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасынан бастау алды. Бұл ұсыныс 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында жарияланып, оның басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін тиімді ету, саяси институттарды жаңғырту және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беру екені атап өтілді.
Парламенттік реформа бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Қоғам да бұл үдеріске белсенді қатысты. Азаматтар e-Otinish және eGov платформалары арқылы ұсыныстарын жолдап, жалпыұлттық талқылауға атсалысты. Нәтижесінде екі мыңнан астам ұсыныс қаралып, жүйеленді.
Алайда реформаның түпкі мәні институционалдық өзгерістермен ғана шектелмейді. Жаңа Конституция жобасының негізгі тезисі айқын: Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Бұл қағида мемлекеттік саясаттың барлық бағытына бағдар береді. Заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығы – осының бәрі адам мүддесін қорғауға қызмет етуі тиіс. Конституциялық реформа билік құрылымдарын қайта құрудан бұрын, адамның құқықтық мәртебесін күшейтуге, оның қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға бағытталған.
Обсудить
Другие статьи:
Коалиция за Народную Конституцию ответила на вопросы жителей Шымкента
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Татар ақыны Мұса Жәлелдің 120 жылдығына орай тағылымды кеш өтті
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты
17 Ақпан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







