ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МІНДЕТІ
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. Онда айқын көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.Бұл – жай ғана сөз емес, бұл – әрқайсымыздың болашақ алдындағы жауапкершілігіміз. Табиғат – ата-бабадан қалған аманат, келер ұрпаққа табысталатын қастерлі қазына. Таза ауа, мөлдір су, құнарлы жер – ұлт саулығы мен ел тұрақтылығының негізі.
Бүгінгі таңда экология мәселесі жаһандық деңгейде өзекті. Сондықтан әр азамат:
* қоршаған ортаны ластамауға,
* табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға,
* ағаш отырғызып, жасыл желекті көбейтуге,
* туған жердің тазалығына бейжай қарамауға тиіс.
Жаңа Конституция – тек құқықтар ғана емес, сонымен бірге ортақ міндеттер жиынтығы. Табиғатты қорғау арқылы біз еліміздің жарқын болашағын қалыптастырамыз.
Табиғатты аялау – Отанды аялау.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттен солтүстік пен шығысқа: 817 адам жаңа өмір бастады
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте он ай ішінде 11 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты
13 Қараша 2026, Жұма
Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 10 қарашадан басталады
13 Қараша 2026, Жұма
Похожие материалы:
23 Ақпан 2026, Дүйсенбі
ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БЕКІТЕДІ?
Комментарии (0)





