Шымкент. Ажырасу санының өсуі
Отбасылық мәселе екінің біріндегі проблема деп ойлаймын. Тіпті үйленбеген бойдақ жігіттер мен бойдақ қыздарда да ата-анамен арадағы түсініспеушіліктер секілді мәселелер бар. Алайда, біздің қозғайтын проблемамыз — отбасы және гендерлік мәселе. Иә, үйлену оңай, үй болу қиын деп жатады. Ойлана келсек, бұл сөз рас екен: той істеу оңай, ақшаны құрту оңай, алайда ары қарай үй болып кету екінің бірінің қолынан келмейді. Осы жерде менің қозғайтын мәселем де осы.
Ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. «Қазақстанның отбасылық-гендерлік саясат саласындағы жетістіктеріне мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бизнес қоғамдастықтың өзара тиімді іс-әрекеті нәтижесінде қол жеткізілді,» – деді Г. Әбдіқалықова.
Ұлттық комиссияның 20 жылдық қызметі барысында Гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асырылды. Гендерлік бағыттағы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Барлық мемлекеттік органда гендерлік саясатты іске асыруға жауапты тұлғалар белгіленді.
Бүгінде депутаттардың жалпы санының 22 пайызы немесе 34-і – әйел, мемлекеттік қызметте 55 пайызға жуық, саяси мемлекеттік қызметшілер арасында 10 пайыздан астам әйел еңбек етеді. Шағын және орта бизнесте 500 мыңнан аса компанияны әйелдер басқарады.
Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы алдында тұрған басты міндеттер: «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру, 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы индикаторларының орындалуына белсене атсалысу, – деді Мемлекеттік хатшы.
Соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияда айтылған жаңа идеялар, ойлар мен ұсыныстар Ұлттық комиссияның одан әрі жұмысында қолданылатынын атап көрсетті.
Қазақстандық отбасыларда экономикалық мәселе жиі кездеседі. Бұл ажырасу санының өсуіне әкеліп жатыр. 2022 жылы 51-ден астам ажырасу тіркелген. Сәйкесінше, толық емес отбасыларда өсіп келе жатқан балалар саны көбеюде. Бұл бала тәрбиесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ана мен бала өлімі сияқты түрлі проблемалар бар. Сондай-ақ, қазіргі таңда жиі айтылып жатқан педофилия жағдайлары қоғамның үрейін тудырады. ІІМ-нің бұрынғы министрі Ерлан Тұрғымбаев 20% жағдайда зорлаушылар – әке мен өгей әкелер, ал 50%-ы балалардың жақын туыстары екенін мәлімдеді. Ұлттық комиссия заңнаманы жетілдіріп, жаңа тетіктерді қарастырып, аталған мәселелерді шешуге тырысады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
26 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын аспектілердің бірі.
Комментарии (0)