Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді
*Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді*
2026 жылғы 21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі жобаларды ұсынады.
Негізгі мерекелік іс-шаралар қаладағы бірқатар ірі қоғамдық кеңістіктерде өтеді. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында бір мезетте халықтық серуендер ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер назарына театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшалары ұсынылады. Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетеді.
Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздары және арнайы шақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді. Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеумен қатар, қала тұрғындарының бірлігін нығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.
Қосымша ақпаратты ресми сайттан алуға болады: https://nauryzshymkent.onrender.com/
Қосымша ақпарат үшін: 8 778 332 96 24, Жәудір Нартайқызы
2026 жылғы 21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі жобаларды ұсынады.Негізгі мерекелік іс-шаралар қаладағы бірқатар ірі қоғамдық кеңістіктерде өтеді. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында бір мезетте халықтық серуендер ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер назарына театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшалары ұсынылады. Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетеді.
Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздары және арнайы шақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнер көрсетеді. Мерекелік кеш эксклюзивті отшашумен қорытындыланады.
Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеумен қатар, қала тұрғындарының бірлігін нығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.
Қосымша ақпаратты ресми сайттан алуға болады: https://nauryzshymkent.onrender.com/
Қосымша ақпарат үшін: 8 778 332 96 24, Жәудір Нартайқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар төрағаларымен өтетін кездесудің
12 Қараша 2026, Бейсенбі
OpenAI Aleph компаниясымен эксклюзивті серіктестік орнатып, ChatGPT Ads жарнамасын 44 елде ұсынады
12 Қараша 2026, Бейсенбі
Шымкентте халықаралық неврология конгресі өтуде
12 Қараша 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






