КӨРІСУ КҮНІ – ІЗГІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
КӨРІСУ КҮНІ – ІЗГІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады. Осындай тағылымы мол дәстүрді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абай ауданы Достық шағын ауданындағы №69 жалпы орта мектепте Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мектеп ауласында өткен тағылымды жиынға аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысып, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің мәнін ұғындырып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени көріністер ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады. Осындай тағылымы мол дәстүрді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абай ауданы Достық шағын ауданындағы №69 жалпы орта мектепте Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.Мектеп ауласында өткен тағылымды жиынға аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысып, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің мәнін ұғындырып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени көріністер ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Обсудить
Другие статьи:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
14 Наурыз 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл
14 Наурыз 2026, Сенбі
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
14 Наурыз 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







