Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен келген тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Президент өз сөзінде Алтын Орда тарихының адамзат өркениетіндегі ерекше орнына тоқталды. Оның айтуынша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында билік құрған қуатты империя ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып, түрлі мемлекеттер мен өркениеттердің дамуына зор ықпал еткен.
Мемлекет басшысы бұл тақырыптың әлі де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.
«Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды», – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға арнайы келген шетелдік ғалымдар мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың баяндамалары мазмұнды әрі маңызды болғанын айтты.
Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен келген тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.Президент өз сөзінде Алтын Орда тарихының адамзат өркениетіндегі ерекше орнына тоқталды. Оның айтуынша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында билік құрған қуатты империя ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып, түрлі мемлекеттер мен өркениеттердің дамуына зор ықпал еткен.
Мемлекет басшысы бұл тақырыптың әлі де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.
«Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды», – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға арнайы келген шетелдік ғалымдар мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың баяндамалары мазмұнды әрі маңызды болғанын айтты.
Обсудить
Другие статьи:
«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
19 Мамыр 2026, Сейсенбі
Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды
19 Мамыр 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
20 Қантар 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
20 Қантар 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
07 Қазан 2025, Сейсенбі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ
30 Шілде 2024, Сейсенбі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті алтын медалімен құттықтады
Комментарии (0)


