VCGL Қазақстан нарығына шығады: Tickrs Financial Limited AFSA лицензиясын алды
Алты юрисдикциядағы халықаралық қатысу тәжірибесі мен меншікті қаржылық технологиялық шешімдерге сүйене отырып.Қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық топ Valuable Capital Group Limited (бұдан әрі — «VCGL» немесе «Топ») Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген еншілес компаниясы Tickrs Financial Limited арқылы Орталық Азия нарығына шығады.
2026 жылғы 2 шілдеде Tickrs Financial Limited компаниясы АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі — Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (Astana Financial Services Authority, AFSA) лицензия алды. № AFSA-A-LA-2026-0016 лицензиясына сәйкес, компания агент ретінде инвестициялармен мәмілелер жасау (Dealing in Investments as Agent) бойынша реттелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы. Лицензия акцияларға, борыштық міндеттемелерге, варранттарға, сертификаттарға, опциондарға, инвестицияларға қатысты құқықтар мен қатысу үлестеріне, ұжымдық инвестициялау қорларындағы пайларға және цифрлық активтерге қатысты операцияларды қамтиды.
Tickrs Financial Limited компаниясы Астана қаласында өз кеңсесін ашты. Қазіргі уақытта компания реттелетін қызметті бастау үшін AFSA-ның мақұлдауын күтуде.
Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан нарығының мүмкіндіктерін ұштастыру
VCGL-дің Қазақстан нарығына шығуы топтың әртүрлі қаржы нарықтарындағы тәжірибесіне негізделген. Топ Гонконгта, АҚШ-та, Сингапурда, Сауд Арабиясында және Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істейді. Өз қызметі аясында VCGL әртүрлі нарықтардағы инвесторлармен жұмыс істеу және қаржылық қызметтерді қолдауға арналған технологиялық шешімдерді дамыту тәжірибесін жинақтады.
АҚШ-та Tickrs Clearing LLC компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (U.S. Securities and Exchange Commission, SEC) тіркелген, Қаржы индустриясын реттеу жөніндегі органның (Financial Industry Regulatory Authority, FINRA) және Бағалы қағаздарға салынған инвестицияларды қорғау корпорациясының (Securities Investor Protection Corporation, SIPC) мүшесі болып табылады. Сонымен қатар компания NYSE Arca биржасының мүшесі.
Технологиялар VCGL-дің операциялық моделінде негізгі орын алады: топ қызметкерлерінің шамамен 70%-ы технологиялық бағыттарға маманданған. Топ өз қызметінің жекелеген бағыттарында сауда операцияларын, клирингті және есеп айырысуды қамтамасыз ететін меншікті жүйелерді әзірледі. Бұл топқа қаржы нарығы инфрақұрылымының негізгі элементтерін өз бетінше құруға және басқаруға мүмкіндік береді. Аталған технологиялық мүмкіндіктер VCGL-дің әртүрлі нарықтардағы бизнесін дамыту және басқару тәсілінің негізін құрайды.
Осы тәжірибеге сүйене отырып, VCGL Қазақстанда қаржы нарықтары жөніндегі білімін және технологиялық шешімдерін қолдану мүмкіндігін көріп отыр. Бұл ретте Топ жергілікті бизнесін қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес дамытуды көздейді.
Қазақстанда Tickrs Financial Limited компаниясын құру
VCGL-дің Қазақстанда Tickrs Financial Limited компаниясын құру туралы шешіміне дейін нарықты зерттеу және оның қатысушыларымен өзара байланыс орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс Топтың елге 2025 жылғы алғашқы сапарынан басталды. Сол кезеңде VCGL жергілікті инвестициялық нарықтың ерекшеліктерін зерттеп, бөлшек инвестициялауға қатысушылар санының артып келе жатқанын байқады.
АХҚО-насәйкес, Қазақстандағы бөлшек инвестициялық шоттардың саны бес жыл ішінде шамамен 35 есе өскен. 2025 жылдың соңында AIX Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде бөлшек инвесторлардың 2,3 миллион шоты тіркелді, ал Қазақстанның Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны бір жыл ішінде 44,6%-ға өсіп, 5,06 миллионға жетті. 2025 жылы KASE-дегі акциялардың қайталама нарығындағы жалпы сауда айналымының 55,8%-ы жеке инвесторлардың үлесіне тиді.
Бұл өзгерістер Қазақстанның инвестициялық нарығы дамып келе жатқанын көрсетеді және VCGL-дің елдегі ұзақ мерзімді жоспарлары үшін маңызды негіз қалыптастырады. Топ үшін Tickrs Financial Limited-ті құру — жергілікті инвесторлардың қажеттіліктерін тереңірек түсіне отырып, Қазақстан нарығындағы қатысуын нығайтуға және бизнесті ұзақ мерзімді перспективада дамытуға мүмкіндік.
VCGL компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас атқарушы директоры Джесс Чун былай деді:
«2025 жылы Қазақстанға алғаш рет келген кезден бастап нарықтың дамуы мен инвестицияларға деген қызығушылықтың артуы бізге зор әсер қалдырды. Нарық қатысушыларымен жүргізген әңгімелеріміз бен зерттеулеріміз Қазақстанның әлеуетіне деген сенімімізді нығайтып, бұл елде шынымен мәнді жоба құра алатынымызға көзімізді жеткізді.
VCGL-де біз Қазақстанды халықаралық дамуымыздың маңызды бөлігі деп санаймыз. Біз әртүрлі қаржы нарықтарындағы тәжірибемізге сүйене отырып, жергілікті қажеттіліктер мен ерекшеліктерді ескеретін бизнесті дамытып, Tickrs-ті осы жерде қалыптастыру мүмкіндігіне қуаныштымыз. Біз Қазақстанның дамып келе жатқан инвестициялық нарығының бір бөлігі болуды, елдің инвестициялық қауымдастығымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуды және нарықтың дамуына уақыт өте келе үлес қосуды қалаймыз».
Valuable Capital Group Limited туралы
Valuable Capital Group Limited (VCGL) — кешенді қаржылық қызметтер көрсететін топ. Топ жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге әртүрлі нарықтарда жұмыс істеуге және активтердің түрлі сыныптарына инвестициялауға арналған интеграцияланған шешімдер ұсынады. Топ Гонконгтың арнайы әкімшілік ауданында, АҚШ-та, Сауд Арабиясында, Сингапурда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Қазақстанда лицензияланған заңды тұлғаларын құрған. Топтың қызметтері әлем бойынша миллиондаған пайдаланушыға танымал.
Tickrs Financial Limited туралы
Tickrs Financial Limited — Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Valuable Capital Group Limited компаниясының еншілес ұйымы. Компания 2026 жылғы 2 шілдеде берілген № AFSA-A-LA-2026-0016 лицензиясына ие. Лицензия агент ретінде инвестициялармен мәмілелер жасауға (Dealing in Investments as Agent) рұқсат береді. Ол акцияларға, борыштық міндеттемелерге, варранттарға, сертификаттарға, опциондарға, инвестицияларға қатысты құқықтар мен қатысу үлестеріне, ұжымдық инвестициялау қорларындағы пайларға және цифрлық активтерге қатысты операцияларды қамтиды.
Толығырақ: https://www.tickrs.com.kz/kz.
Обсудить
Другие статьи:
VCGL выходит на рынок Казахстана: Tickrs Financial Limited получила лицензию AFSA
29 Қазан 2026, Бейсенбі
VCGL Қазақстан нарығына шығады: Tickrs Financial Limited AFSA лицензиясын алды
29 Қазан 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
25 Қырқүйек 2026, Жұма
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
16 Шілде 2026, Бейсенбі
ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:
12 Мамыр 2026, Сейсенбі
First in Kazakhstan: AlmaU Student Receives International ACCA Diploma under Dual Award Programme
28 Қантар 2025, Сейсенбі
3) ШЫМКЕНТ: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ҰЕҰ басшыларына лицензиялаудың маңызы түсіндірілді
Комментарии (0)

