Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

Шымкентте Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Шымсити» саябағындағы алып амфитеатрда жалғасты. Концерт басталмай тұрып-ақ сахна алдындағы ашық алаңға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Әсіресе, балалардың қарасы қалың болды. Ал кеш түсе басталған мерекелік бағдарлама көрермендерге жай ғана концерт емес, жарық пен музыкалық безендіру үйлескен әсерлі шоуға ұласты. Қазақстанның көк Туын желбіреткен жастардың өнер көрсетушілерге қолдау білдіруі мерекелік кештің ажарын аша түсіп, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетінің басты нышандарының бірі саналатын қасиетті домбыраға арналған мереке. Бұл мереке 2018 жылдан бері жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып келеді. Осы атаулы күн қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық өнерді насихаттауға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған ауқымды концерттік бағдарламаны халыққа ұсынылды.
Мерекелік кештің шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекелік кеште Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көрермендерге халық күйлері мен ұлттық музыкалық шығармаларды дәстүрлі және заманауи өңдеуде ұсынып, ерекше әсер қалдырды. Домбыраның қоңыр үні кешке жиналған жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын ұлықтайтын ерекше мереке. Осындай концерттік бағдарламалар арқылы қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың төл өнерімен жақынырақ танысып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыра түседі.
– Бүгін біз ұлттық аспаптар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп жатқан қызымыз Ару Маққамбаеваны қолдап келдік. Осындай айтулы мерекенің бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндағы атмосфера керемет. Оркестрдің орындауындағы шығармалар ұлттық мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай концерттер адамдарды біріктіріп, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға үлкен үлес қосады, – дейді қала тұрғыны Әлима Урупбаева.
Оның пікірін тағы бір көрермен Назима Сабырбекова да қолдады.
– Осындай концерттердің ұйымдастырылуы өте маңызды. Олар өскелең ұрпақтың туған елінің тарихы мен дәстүріне деген құрметін қалыптастырады. Әсіресе, жастардың ұлттық музыкамен танысып, оның халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді ол.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Ол – қазақ халқының рухани болмысының, ұлттық дүниетанымының және тарихи жадының ажырамас бөлігі. Ғасырлар бойы халықтың қуанышы мен қайғысын, арман-аңсарын күй арқылы жеткізген қасиетті аспап бүгінгі күні де ұлттың рухын асқақтатып, мәдени мұрамыздың мәңгілік символы болып қала береді.
Шымкентте Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Шымсити» саябағындағы алып амфитеатрда жалғасты. Концерт басталмай тұрып-ақ сахна алдындағы ашық алаңға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Әсіресе, балалардың қарасы қалың болды. Ал кеш түсе басталған мерекелік бағдарлама көрермендерге жай ғана концерт емес, жарық пен музыкалық безендіру үйлескен әсерлі шоуға ұласты. Қазақстанның көк Туын желбіреткен жастардың өнер көрсетушілерге қолдау білдіруі мерекелік кештің ажарын аша түсіп, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетінің басты нышандарының бірі саналатын қасиетті домбыраға арналған мереке. Бұл мереке 2018 жылдан бері жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып келеді. Осы атаулы күн қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық өнерді насихаттауға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған ауқымды концерттік бағдарламаны халыққа ұсынылды.
Мерекелік кештің шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекелік кеште Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көрермендерге халық күйлері мен ұлттық музыкалық шығармаларды дәстүрлі және заманауи өңдеуде ұсынып, ерекше әсер қалдырды. Домбыраның қоңыр үні кешке жиналған жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын ұлықтайтын ерекше мереке. Осындай концерттік бағдарламалар арқылы қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың төл өнерімен жақынырақ танысып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыра түседі.
– Бүгін біз ұлттық аспаптар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп жатқан қызымыз Ару Маққамбаеваны қолдап келдік. Осындай айтулы мерекенің бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндағы атмосфера керемет. Оркестрдің орындауындағы шығармалар ұлттық мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай концерттер адамдарды біріктіріп, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға үлкен үлес қосады, – дейді қала тұрғыны Әлима Урупбаева.
Оның пікірін тағы бір көрермен Назима Сабырбекова да қолдады.
– Осындай концерттердің ұйымдастырылуы өте маңызды. Олар өскелең ұрпақтың туған елінің тарихы мен дәстүріне деген құрметін қалыптастырады. Әсіресе, жастардың ұлттық музыкамен танысып, оның халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді ол.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Ол – қазақ халқының рухани болмысының, ұлттық дүниетанымының және тарихи жадының ажырамас бөлігі. Ғасырлар бойы халықтың қуанышы мен қайғысын, арман-аңсарын күй арқылы жеткізген қасиетті аспап бүгінгі күні де ұлттың рухын асқақтатып, мәдени мұрамыздың мәңгілік символы болып қала береді.
Обсудить
Другие статьи:
В НАЦИОНАЛЬНЫЙ ДЕНЬ ДОМБРЫ ШЫМКЕНТ ОКУТАЛИ ПРЕКРАСНЫЕ МЕЛОДИИ
04 Шілде 2026, Сенбі
Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды
04 Шілде 2026, Сенбі
ЗВУКИ ДОМБРЫ ЗВУЧАЛИ В СЕРДЦЕ ШЫМКЕНТА
04 Шілде 2026, Сенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)