ЭКО САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында тұрғындардың, экологиялық таным көкжиегін кеңейту, қоршаған орта мәдениетін қалыптастыру іс-шаралары одан әрі жалғасын табуда. Бүгін Абай саябағында қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Шымкент» қалдықсыз қала тақырыбында жастармен кездесу іс-шарасын өткізді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған табиғат аясындағы басқосуға ерікті жастар, студенттер, белсенді азаматтар қатысты.
Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Кездесуде Шымкент қаласы бойынша Экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстар, ауаны ластамау, қалдықтарды қайта өңдеу, заңсыз қоқыс орындарын анықтаудағы негізгі көрсеткіштерді көпшілікке баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық ахуалды жақсартуда автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Сол арқылы онлайн бақылау жүргізіледі. Департамент басшысының міндетін атқарушы заң талаптарына сай келмеген бірқатар кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқанын айта келе, жастарға қаланы таза ұстауға, табиғатты аялауға шақырды.
ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова да қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндірді. Жалпы аталған қоғамдық бірлестіктің ерікті жастары сөзден іске көшіп, қоршаған ортаны қорғауға белсене үлес қосып келеді. Ұйым жетекшісінің мәліметінше, команда қатарында 200-ге жуық іріктеуден өткен ерікті жас бар.
Қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеу, қоқысты сұрыптау - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бүгінгі танымдық кездесуде эко-тренер және экологиялық білім беру саласындағы сарапшы Владислав Голярко да бұл бағытта танымдық сабақ өткізіп, жастардың экологиялық сауатын арттырды.
Сондай-ақ, іс-шара соңында ерікті жастар саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның жақсаруына үлес қосты.
Айта кетсек, қалада эко сананы қалыптастыру бағытында тағылымды іс-шаралар ұдайы өткізілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпықалалық сенбіліктерде де тұрғындар тазалыққа үлес қосып, өзінің тұрғылықты жерін таза ұстауға дағдыланып келеді.
Шымкент қаласында тұрғындардың, экологиялық таным көкжиегін кеңейту, қоршаған орта мәдениетін қалыптастыру іс-шаралары одан әрі жалғасын табуда. Бүгін Абай саябағында қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Шымкент» қалдықсыз қала тақырыбында жастармен кездесу іс-шарасын өткізді.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған табиғат аясындағы басқосуға ерікті жастар, студенттер, белсенді азаматтар қатысты.
Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Кездесуде Шымкент қаласы бойынша Экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстар, ауаны ластамау, қалдықтарды қайта өңдеу, заңсыз қоқыс орындарын анықтаудағы негізгі көрсеткіштерді көпшілікке баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық ахуалды жақсартуда автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Сол арқылы онлайн бақылау жүргізіледі. Департамент басшысының міндетін атқарушы заң талаптарына сай келмеген бірқатар кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқанын айта келе, жастарға қаланы таза ұстауға, табиғатты аялауға шақырды.
ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова да қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндірді. Жалпы аталған қоғамдық бірлестіктің ерікті жастары сөзден іске көшіп, қоршаған ортаны қорғауға белсене үлес қосып келеді. Ұйым жетекшісінің мәліметінше, команда қатарында 200-ге жуық іріктеуден өткен ерікті жас бар.
Қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеу, қоқысты сұрыптау - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бүгінгі танымдық кездесуде эко-тренер және экологиялық білім беру саласындағы сарапшы Владислав Голярко да бұл бағытта танымдық сабақ өткізіп, жастардың экологиялық сауатын арттырды.
Сондай-ақ, іс-шара соңында ерікті жастар саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның жақсаруына үлес қосты.
Айта кетсек, қалада эко сананы қалыптастыру бағытында тағылымды іс-шаралар ұдайы өткізілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпықалалық сенбіліктерде де тұрғындар тазалыққа үлес қосып, өзінің тұрғылықты жерін таза ұстауға дағдыланып келеді.
Обсудить
Другие статьи:
Конституционная реформа в Казахстане: новые институты власти и расширение участия граждан
08 Шілде 2026, Сәрсенбі
Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді
08 Шілде 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
05 Ақпан 2026, Бейсенбі
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
17 Қазан 2025, Жұма
«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты
Комментарии (0)