ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ
Бүгін Шымкентте 40 тұрғын мен олардың отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Жаңа қоныстанушылардың қатарында ұзақ уақыт бойы баспана кезегінде тұрған азаматтар бар. Олардың арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар бар.
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Тілеубаевтың айтуынша, тұрғындарға «Асар-2» шағынауданындағы жаңа үйлерден пәтер берілді. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның жеңілдетілген несиелік бағдарламалары аясында рәсімделген.
Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Обсудить
Другие статьи:
Ақсүмбе көшесінің ұзартылуы: Қаратау ауданы жаңа даму кезеңіне қадам басты
18 Қазан 2026, Жексенбі
Тіленшин көшесі: бір айда туған жаңа өмір
18 Қазан 2026, Жексенбі
Шымкент — Қонаев даңғылының V кезеңі: қала инфрақұрылымы жаңа белеске шығуда
18 Қазан 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)





