2) Шымкентте 183 отбасыға арендалық пәтерлер кілті табысталды
Шымкентте 183 отбасыға арендалық пәтерлер кілті табысталды
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкент қаласында жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа баспана иелерін құттықтап, қуаныштарымен бөлісті. Қуаныш иелері тұрғын үйлердің лентасын қиып, салтанатты шарада шашу шашты.
Қалалық әкімдік мәліметі бойынша, жаңа баспаналар Асар-2 және Тұран шағын аудандарында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылысын «Integra Construction KZ» және «Алтын Констракшн» мердігер мекемелері жүргізген. Жаңа қоныс иелері арасында көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар бар.
2024 жылы Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 1 000 арендалық пәтердің берілуі жоспарлануда. Оның ішінде 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға және 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналмақ. Бүгінгі таңда 597 пәтер, соның ішінде 136 пәтер жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 288 пәтер көпбалалы отбасыларға және 173 пәтер осал топтағы азаматтарға берілді. Сонымен қатар, 2023 жылы өтпелі болған 280 арендалық пәтер де биылғы жылы қоныстандырылды.
Мемлекеттік «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында ағымдағы жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйге келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы несиелік пәтерлер табысталды. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек — тұрғын үй сертификаттары арқылы жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұл шаралар Шымкенттің тұрғын үй саясатын жақсартуға, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал топтардың жағдайын оңалтуға бағытталған.
Тілші: Кенжебавеа Гаухар
Тілші: Кенжебавеа Гаухар
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)