Байланысқа арналған телефондар:
» » Цифрлық тазалық: Kaspersky Premium өнімінде macOS қолданбаларын тазалау мүмкіндігі пайда болды

Цифрлық тазалық: Kaspersky Premium өнімінде macOS қолданбаларын тазалау мүмкіндігі пайда болды

21 Қазан 2026, Сәрсенбі
85
0

Жаңа функция қолданбалардың артық көшірмелерін және бағдарламаларды жойғаннан кейін қалған файлдарды тазалауға көмектеседі
«Лаборатория Касперского» Kaspersky Premiumөнімін жаңартты. Енді macOS құрылғыларында «Қолданбаларды жою» функциясы бар. Ол бағдарлама өшірілгеннен кейін қалып қоятын кеш, cookie файлдары және басқа да қажетсіз деректерді тауып, тазалауға көмектеседі. Соның арқасында пайдаланушылар ноутбук дискісінен орын босата алады.
Тазалау неге қиын? «Лаборатория Касперского» сауалнамасына* қатысқан macOS пайдаланушыларының 56%-ы браузер тарихын, cookie файлдарын, кеш пен уақытша файлдарды тазалайды. 54%-ы қажетсіз фотосуреттер мен видеоларды өшіреді. Ал пайдаланбайтын қолданбаларды жоятындар 44% ғана.
Қолданбаны себетке салғанның өзінде оның кейбір файлдары құрылғыда қалып қояды. Мұндай файлдарды табу оңай емес. Кейде олар, әсіресе браузерлерде, қолданбаның өзінен де көп орын алады. Оның үстіне кейбір қолданбалар мен олардың бөліктері macOS жүйесінің әдеттегі мәзірінде көрінбеуі мүмкін.
Қалған файлдарда жеке ақпарат та сақталуы мүмкін. Мысалы, аккаунтқа кіруге арналған токендер, құпиясөздер, жүйелік жазбалар, IP-мекенжайлар, пайдаланушы аттары, құжат үзінділері, суреттер, хаттар және жеке қалталардың орналасқан жері. Құрылғыны тазаламай сатсаңыз немесе оған қаскөйлер қол жеткізсе, олар құпиясөздерді қалпына келтіруге, бұрынғы иесінің аккаунттарына кіруге және жеке деректерді ұрлауға тырысуы мүмкін.
Kaspersky Premium өніміндегі жаңа функция ең алдымен дискіден орын босатуға арналған. Қолданбаны жойғанда, ол соған қатысты артық файлдарды да тауып береді. Бұрын себетке жіберілген қолданбалардың қалдықтарын да анықтай алады. Бірақ басқа бағдарламаларға әлі қажет файлдарды, мысалы Microsoft Office құрамындағы ортақ компоненттерді, өшірмейді. Сонымен қатар бұл функция жеке ақпараттың сыртқа шығу қаупін азайтуға көмектеседі.
Жаңа функция қолданбалардың артық көшірмелерін де табады. Олар қателесіп көшірілген немесе әртүрлі жерден бірнеше рет орнатылған болуы мүмкін. Пайдаланушы барлық көшірмені бірден немесе тек қажетсіздерін өшіре алады. Қажет файлдарды себеттен қайтаруға болады. Егер Kaspersky Premium қолданбасы жабылмаған болса, оларды сол жерден де қалпына келтіруге болады.
«Құрылғыларда сақталатын ақпарат көлемі үнемі артып келеді. Сондықтан уақыт өте қажетсіз файлдарды тазалау керек болады. Әртүрлі өндірушінің бірнеше құралын қатар пайдалану ыңғайсыз әрі кейде қауіпті. macOS-қа арналған Kaspersky Premium өніміндегі «Қолданбаларды жою» функциясы қосымша бағдарлама орнатпай-ақ, бірнеше рет басу арқылы қажетсіз файлдар мен қолданбаларды қауіпсіз өшіруге мүмкіндік береді. Kaspersky Premium құрылғыны қорғап қана қоймай, ондағы цифрлық тазалықты сақтауға да көмектеседі», – дейді «Лаборатория Касперского» компаниясының тұтынушыларға арналған өнімдерді басқару жөніндегі вице-президенті Ирина Ермилова.
Қорғаныс неге маңызды? macOS құрылғылары киберқауіптерден жақсы қорғалған деген түсінік бар. Бірақ бүгінгі қауіп тек вирустармен шектелмейді. Олардың қатарында файлдарды шифрлайтын зиянды бағдарламалар, трояндар, тыңшылық бағдарламалар және интернет-алаяқтық бар. «Лаборатория Касперского» сарапшылары зиянды бағдарламалардың CleanMyMac, Mole немесе CCleaner Pro сияқты құрылғы тазалайтын заңды бағдарламалар болып көрінген жағдайларын да анықтаған. Сондықтан кез келген бағдарламаны жүктегенде абай болған жөн.
«Лаборатория Касперского» сарапшылары мына кеңестерді ұсынады:
· қорғаныс бағдарламалары дұрыс жұмыс істеуі үшін оларға қажетті рұқсаттарды беріңіз;
· қауіпсіздікке қатысты түзетулерді уақытында алу және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін қолданбалар мен операциялық жүйені үнемі жаңартыңыз;
· электрондық хаттар мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерді ашпаңыз. Файлдарды жүктегенде сақ болыңыз;
· құрылғыны сатпас немесе басқа адамға бермес бұрын барлық аккаунттан шығып, жеке деректерді өшіріңіз. Содан кейін құрылғыны зауыттық баптауларына қайтарыңыз.
* «Цифрлық өмір: үрдістер, қауіптер, мүмкіндіктер» сауалнамасын «Лаборатория Касперского» компаниясының ішкі зерттеу орталығы 2026 жылғы наурызда жүргізді. Оған Ресей де кіретін 18 елден 7200 адам қатысты.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать