ҚАУІПСІЗДІК ҚАРАПАЙЫМ САҚТЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлау жағдайларының алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Іс-шара барысында тұрғындарға көпқабатты үйлердегі ашық терезелердің балалар үшін қауіпті екені түсіндіріліп, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берілді. Әсіресе, кішкентай балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қауіпсіздік құрылғыларын орнату және балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу қажеттігі айтылды.
Мамандардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан мұндай түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі маңызды. Өйткені, қарапайым сақтық шараларының өзі қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Шараға қатысқан №13 үйдің тұрғыны Майя Ташпулатова балалар қауіпсіздігіне қатысты мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
– Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ана үшін ең маңызды мәселе. Әсіресе, көпқабатты үйлерде тұратын отбасылар терезеден құлау қаупінің алдын алуға ерекше көңіл бөлуі керек. Мұндай түсіндіру жұмыстарының тұрғындар арасында жүргізілгені өте орынды. Кейде күнделікті тіршіліктің қамымен жүріп, осындай қауіптерді ескере бермейтініміз бар. Баланы үйде жалғыз қалдырмау, терезе қауіпсіздігін қадағалау әрбір отбасының назарында болуы тиіс қарапайым талаптар. Осындай профилактикалық шаралар тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға ықпал етеді деп сенемін, – деді ол.
Айта кетейік, бала қауіпсіздігі – тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосуы қажет.
Обсудить
Другие статьи:
БАРЛЫҚ СӨЗДІКТІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІ ЖАҢАРТАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ
10 Қараша 2026, Сейсенбі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ – ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕ ТІЛДЕРДІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ЕМЕС
10 Қараша 2026, Сейсенбі
Жаңа тарихи кезеңнің бағыттары: Шымкентте Президент Жолдауы бойынша ауқымды ашық диалог өтті
10 Қараша 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
28 Тамыз 2026, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУ ҚАПТАМАСЫ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ
16 Тамыз 2025, Сенбі
Шомылуға тыйым салынған аймақтардағы қауіпсіздік: Шымкентте өткен профилактикалық іс-шара
12 Тамыз 2025, Сейсенбі
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Шымкентте «Абайлаңыз балалар» акциясы өтті
Комментарии (0)



