Түркістанда 2000 орынды жайлы мектеп ашылды
Түркістан қаласындағы жаңа мектеп қаладағы екі мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. «Жаңа қала» аумағында салынған 4 қабатты білім ордасы заманауи құралдармен жабдықталған физика, химия, биология және робототехника кабинеттерімен, спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтарымен қамтылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған мектепте бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жекелеген блоктар ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы қажетті оқу және демалыс орындарымен толықтырылған. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі қолданысқа берілді. Бұл жобалар өңірдегі білім сапасын көтеріп, оқушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Тілші: Кенжебаева Гауһар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Комментарии (0)





