ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ
Аймақтық инновациялық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған танымдық кездесу өтті.Экономикалық-гуманитарлық факультеті мен Жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға университет басшылығы, проректорлар, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Кездесуде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Жеңіскүл Күлбайқызы Нұрманова баяндама жасап, Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Баяндама барысында экономикалық және әлеуметтік салалардағы маңызды міндеттер, білім мен ғылымды дамыту, жастарды қолдау, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара аясында білім алушылар Жолдаудың негізгі мазмұнымен танысып, ел болашағы, жастардың қоғамдағы рөлі және Отан алдындағы жауапкершілігі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Еркін пікір алмасу барысында студенттер ұсыныстарын білдіріп, тақырыпқа қатысты мазмұнды баяндамалар жасады.
Кездесу қорытындысында белсенділік танытып, мазмұнды баяндама жасаған білім алушыларға университет басшылығы атынан марапаттар табыс етілді.
Мұндай тағылымды кездесулер жастардың саяси-қоғамдық сауаттылығын арттырып, ел өміріндегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары әрі белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент переходит на механизированную уборку: город получил новые машины-пылесосы и КамАЗы
20 Қараша 2026, Жұма
Шымкент көшелері жаңа техникамен жиналатын болды
20 Қараша 2026, Жұма
ShymSafe360: как система видеонаблюдения помогает обеспечивать порядок в Шымкенте
20 Қараша 2026, Жұма
Похожие материалы:
15 Қараша 2026, Жексенбі
Шымкентте кәсіпкерлермен кездесу өтті: Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды
10 Қырқүйек 2026, Бейсенбі
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды
Комментарии (0)




