М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабын таныстыруға арналған іс-шара өтті.Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, еңбекте қамтылған ел дамуының өзекті бағыттары мен қоғамдық құндылықтарды талқылады.
Университеттің Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Әділбекұлы кітаптың мазмұнына тоқталып, «Адал азамат», «Кемел адам», «Толық адам» тұжырымдарының мәнін атап өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қағидатының азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына назар аударды.
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағы Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан мемлекетшілдік ұстанымын, елдің бүгіні мен болашағына қатысты көзқарастарын қамтиды. 21 тақырыптық бөлімнен тұратын еңбекте заң мен тәртіп, әділеттілік, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, жастар, цифрландыру және қоғамдық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалған.
Ректор білім мен ғылымға арналған ойлардың университет қауымы үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.
«Бүгінгі заман – білектінің емес, білімдінің, яғни ақыл-ой бәсекесінің заманы», – деген Мемлекет басшысының сөзі білім мен ғылымның елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін айқындайды.
Мұхтар Әділбекұлының айтуынша, қазіргі университеттердің міндеті кәсіби маман даярлаумен ғана шектелмейді. Білім беру ұйымдары терең білімді, сыни ойлайтын, ғылым мен инновацияға ұмтылатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат қалыптастыруы тиіс.
Іс-шара барысында оқытушылар кітаптың қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Обсудить
Другие статьи:
Бәйдібек би — Төлеметов қиылысында жолайрық құрылысы жалғасуда: қала инфрақұрылымының жаңа кезеңі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Болашаққа деген қамқорлық: Smart Mobility компаниясы балаларға жаңа оқу жылын ерекше сыйлықпен қарсы алды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Назарбеков көшесі жарыққа бөленді: қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа деңгейі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
09 Қырқүйек 2026, Сәрсенбі
Ел дамуының бағдары: Президенттің таңдаулы сөздерінің жинағы жоғары бағаланды
04 Қырқүйек 2026, Жұма
Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
03 Қырқүйек 2026, Бейсенбі
Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Комментарии (0)



