Қаладағы ең көне мұсылмандар мазаратында жерлеу тоқтатылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 7 мазарат бар. Атап айтқанда Сәуле ш.а, 157 орам, «Ақтас-2» ш.а, «Текесу» тұрғын алабы, 275 орамдағы мұсылман мазараттары және Желтоқсан көшесіндегі 2 христиан мазараты.
Бүгінде Сәуле ш.а мұсылман мазаратында жерлеу орындарының шегіне жетуіне байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №156-НҚ бұйрығымен бекітілген «Зиратты жобалау және ұстау» №3.02-141-2014 Қазақстан Республикасының Ережелер жиынтығына сәйкес, құзырлы мекемелермен жұмыс тобы құрылып, аталған зират басына барып зерделенді. Нәтижесінде, 20 га жер учаскесінің 90 пайызына жерлеу жұмыстары жүргізіліп, сыйымдылық шегіне жеткендігі анықталды. Осы орайда жұмыстың қорытындысына сәйкес аталған зиратты жабу бойынша жұмысшы топ мүшелері тарапынан ұсыныс беріліп, аудан әкімінің Өкімі қабылданды.
Айта кетейік, Сәуле шағын ауданында орналасқан мұсылман мазаратына жерлеу жұмыстары тоқтатылғанымен, бұл тұрғындардың келуіне, ата-баба рухтарын зиярат етуіне ешқандай шектеу қойылмайды, - деп хабарлайды аудан әкімшілігі
Обсудить
Другие статьи:
Модернизация: Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер қайта жаңаруда
16 сентябрь 2023, Суббота
Сәуле шағынауданында саялы саябақ бой көтеруде
16 сентябрь 2023, Суббота
Эко-акция: Шымкентте 103 мыңнан астам адам тазалау шараларына қатысты.
16 сентябрь 2023, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)