БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында баяндады.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Сонымен қатар қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүзеге асырылуда. 800-ге жуық азамат жұмыс беруші мекемелерде және 1500-ден астам адам оқу орталықтарында тегін кәсіптік білім алып жатыр. Оқу сәтті аяқталған соң оларға сертификат табысталып, жұмыс беруші мекемелермен әлеуметтік келісім шарт негізінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.
Жалпы, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылатыны жоспарланған. Бүгінгі таңға 25 462 жұмыс орны ашылған.
Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://www.youtube.com/watch?v=Ae4PIHcPVcQ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Обсудить
Похожие материалы:

17 Қараша 2023, Жұма
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БІР МЫҢНАН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

16 Қараша 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН
Комментарии (0)