ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БІР МЫҢНАН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбайдың БАҚ өкілдеріне арналған брифингі барысында қоныс аударған қандастарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау барысы баяндалды. Спикердің айтуынша, қандас мәртебесін алған азаматтардың 612-і ер адам және 584 әйел адам. 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93 зейнеткер және қалған 712 адам еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 121 адам жоғары білімді, 328 орта арнайы білімді, 226 азамат жалпы орта білімді.
Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 1166 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 16 адам, Ресейден –8 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Тәжікстаннан 1 және Туркиядан 2 адам қоныс аударған. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда – саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда. Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" жұмыс істейді. Сала мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 46 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://www.youtube.com/watch?v=Ae4PIHcPVcQ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:

16 Қараша 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН
Комментарии (0)