ТҰРАН АУДАНЫНДА 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Аудан әкімінің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданында 2023 жылдың 10 айында 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальтау) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
– Бүгінде оның 38 көшесіне (31,1 шақырым) асфальт төселді.
Олар: Жанаталап шағын ауданындағы Айбар, Айдарқұл көшелері. Ал Құрсай шағын ауданында Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе, Қосарал, Тастыкөл көшелерінде құрылыс жұмысы аяқталып отыр, - деді спикер.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Қазығұрт елдімекендегі Айшықты көшесінің құрылысы аяқталған. Карл Маркс шағын ауданындағы Бадам-1 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы Байтіленов, Үркімбаев көшелеріне де асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Құрсай шағын ауданы бойынша 43 көшеге 16,4 шақырым жоспарланған. Бүгінгі таңда 42 көшенің шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ Тұран ауданы аппаратымен 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://www.youtube.com/watch?v=Ae4PIHcPVcQ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)