Байланысқа арналған телефондар:
» » ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ: ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 21 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 48 КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ: ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 21 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 48 КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

21 ноябрь 2023, Вторник
1 934
0
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда айтты.
Тұран ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында 21 елді мекенде 48 кездесу өткізіліп,  225 мәселе көтерілді. Оның 172 мәселесі шешілсе, 67 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда. 
Оның ішінде 29 мәселе жыл соңына дейін орындалса, 38 мәселе 2024-2025 жылдарға өтпелі. 
Бүгінгі таңда Тұран ауданы аумағында жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупі бар жерлердің мәселесін шешу мақсатында тұрақты түрде қарқынды жұмыстар атқарылуда. 
2023 жылдың басында арық орнату қажет 48 көше анықталған болатын. Биылғы жылы 41 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланса, қазіргі таңда 36 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды. 
2023 жылы Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.
Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Олар: Бәйдібек би даңғылы №246, Отырар ш/а №52, Жарқынбеков көшесі №17, Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы, Ақтас е/м Дос аялдамасы, Арғымақ е/м, атауы жоқ көше, Қазығұрт е/м Шуақты көшесі, Мангелдьн көшесі №40 үй, Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі, Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі, Құрсай е/м Егізтөбе көшесі, Рысқұлов көшесі №2, Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі, Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі.
Ал, қалған 6 балалар ойын алаңшасы мен 4 спорт алаңшасының   құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. 
Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://www.youtube.com/watch?v=Ae4PIHcPVcQ сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық 
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать