Байланысқа арналған телефондар:
» » Патрульдік полицейлер Шымкент тұрғынының өмірін сақтап қалды

Патрульдік полицейлер Шымкент тұрғынының өмірін сақтап қалды

15 декабрь 2023, Пятница
1 726
0
Мұхит Иманов пен Мұратбек Тәжібай көшеде эпилепсиялық талмаға ұшыраған азаматқа дер кезінде көмек көрсетті.

Қала көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автобус аялдамаларының бірінде құлап, дірілдеп жатқан адамды байқаған. Полицейлер жедел әрекет етіп, оны бір жағымен жатқызып, басының астына сырт киімін қойды. Бірнеше секундтан кейін ер адамның ұстамасы тоқтады. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірін сақтап қалды. Оларға құтқарылған тұрғынның туыстары шын жүректен ризашылығын білдірді.  

– Ер адамның тынысы үзіліп, дауысы тарылып жатқан еді. Эпилепсиялық ұстаманың белгілері көрінді. Әріптесіммен бірге оған алғашқы көмек көрсеттік. Кейін, азамат есін жинады. Бір жақсысы, біз дәл сол сәтте жақын маңда болдық. Әрине, бұл әрекетімізді батырлық деп санамаймыз. Қажет кезде көмекке келу – біздің міндетіміз, - дейді аға лейтенант Мұхит Иманов.

Ақпарат көзі: Шымкент қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать