«КИЕЛІ МЕКЕН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ТАРИХИ ОРЫНДАР ТАЗАРТЫЛДЫ
Бұл апта “Таза Қазақстан” акциясының 2-ші аптасы. Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды.Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Барша азаматтарды қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін республикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






