ШЫМКЕНТ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды. Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қантар 2024, Дүйсенбі
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «БАРЛЫҒЫҢЫЗ БІРЛЕСІП, ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗДЕР»
25 Желтоқсан 2023, Дүйсенбі
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЖЫЛУ, БАСПАНАМЕН ҚАМТУ, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
22 Желтоқсан 2023, Жұма
КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНА РЕКОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Комментарии (0)



