Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТ: ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨЛІК КАРТАЛАРЫ БЕРІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨЛІК КАРТАЛАРЫ БЕРІЛУДЕ

21 август 2024, Среда
240
0
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 1-мамырынан бастап қала әкімінің тапсырмасымен 14 санаттағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүре бастады. Ендігі кезекте, бұл жолаушылар көлік карталарын алып жүруі міндетті. Осыған орай бүгінде Абай, Қаратау және Тұран аудандары әкімдіктерінде көлік карталары сатылуда. Карта бағасы - 550 теңге. Тегін жүретін қала тұрғындары карталарын тез арада ала алады.
«Avtobys» жүйесінің жаңа картасы 10 минутта дайын болады. Tolem картасын қолданушыларға жаңа көлік карталарын алудың қажеті жоқ. Себебі, карталар жарамды.

Көлік картасын алу үшін:

1. Жеке куәлік түпнұсқасы.
2. Шымкент қаласының жергiлiктi атқарушы органының мөрi басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқа жеке басын куәландыру үшiн ұсынылады).
3. 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет
4. Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі талап етіледі.

Көлік карталары төмендегі мекен-жайларда сатылады:
- Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көш. №12а.
- Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы № 3.
- Қаратау ауданының әкімдігі, Бәйдібек би даңғылы № 60.

Tolem карталарын Әл-Фараби, №9 мекен жайынан алуға болады.
Пункттер дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

☎ Колл центр: +7 (775) 007 50 50, +7 (727) 317 47 05

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать