ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАНУДА, - ДЕЙДІ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Қаламызда 77 маршрут бойынша 916 қоғамдық көлігі күнделікті жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді. Бүгінгі таңда, қаланың орталық бөлігі мен шалғай аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар және тұрғын алабтар қоғамдық көлікпен қамтылған.
Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініштер жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты арнайы мамандардан құрылған жұмыс топтары жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениетін, жолақысының төленуін, жолаушыларға билеттердің берілуін, қоғамдық көліктердің тазалығы мен автобустардың уақтылы және аялдамаларда тоқтап жүруін бақылайды.
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі

Осылайша қоғамдық көлік саласының қызметіне талаптар күшейтіліп, жұмысы тұрақты бақылануда. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді.
Қала тұрғындарының басым көпшілігі қоғамдық көліктердің қызметін күнделікті пайдаланады десек қателеспейтін шығармыз. Оның ішінде мектеп оқушылары да бар. Яғни күнделікті жұмыстағы адам таңертеңгі сағат 6- дан бастап түнгі сағат 22-ге дейін қоғамдық көліктің қызметін тұтынады. Одан кейін сенбі, жексенбідегі демалыс күндері де жеке шаруасының қамымен қала орталығына қатынайтындардың қарасы көп. Демек, тұрғындар үшін қоғамдық көлік қызметі басты қажеттіліктің бірі.
Ақпарат көзі: transport.shym
rolan_ibragimov
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)