КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Атап айтқанда, А-2 автожолын қайта жаңғырту, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарды салу, Ташкент-Алматы-Түркістан бағыттарын қала орталығымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасын табу жұмыстары жүргізілуде.Биыл 232 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланса, 10 айда 210 шақырым жол пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде қаладағы сапалы жолдардың үлесі 71 пайызға жетті.
Дегенмен, бұл салада түйткілді мәселелер де жоқ емес.
Осылайша, шеттегі 1 мың шақырымнан астам жол асфальтталмаған. Осы мәселені шешу мақсатында биылдан бастап қара жолға заманауи технологияларды пайдалана отырып, қайта өңдеу әдісімен жол төсемі төселуде. Бұл тәсіл оң нәтиже береді.
Көлік инфрақұрылымының өзектілігін ескере отырып, келесі жылы жолдарды күтіп ұстауға бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттыру жоспарлануда. Бұл көп жылдардан бері келе жатқан қара жол мәселесін шешеді.
Сондай-ақ, қаладағы көлік қозғалысын реттеп, кептелістерді азайту мақсатында 150 жол қиылысындағы бағдаршамдар заманауи интеллектуалды көлік жүйесіне қосылады.
Сондай-ақ жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Қалада қазір жеке инвестор есебінен жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуда. Бұл терминал іске қосылғанда жолаушылар өткізу қабілеті 10 есе артып, сағатына 2000 адамды құрайды.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






